Шерлок Холмс: Есте сақтау қабілеті жайлы

Шерлок Холмс: Есте сақтау қабілеті жайлы
Фото: google.com

Есте сақтау қабілетіңіздің мықтылығы – бұл тағдырдың сізге берген сыйы. Тез жаттап алу, өз уақытында барлығын қадағалау, жоғалған затты еске түсіру, қоңырау шалған адамның нөмірін бір көргеннен есте сақтау. Кенет жадымызда осының барлығын сақтайтын орын қалмаса ше?

Ағылшын жазушысы Артур Конан Дойлдың әлемге танымал кейіпкері Шерлок Холмстың пікірі мынадай: «Адамның миы – үйдің ауласындағы артық заттарды жинайтын үлкен шатыр сияқты. Ол жерге керек, керек емес артық дүниенің барлығын сала беруге болады. Ақымақтар солай істейді де. Бір күні ең керекті дүниені кіргізейін десең, артық салынған заттардың кесірінен қалаған затты сыйдыра алмай дал боласың. Сол сияқты, шатырдан керек дүниеңді алайын десең, ол арғы бетте қалып қойған, ала алмай тағы қара терге түсесің. Ал, мен мұндай адамдардың қатарынан емеспін. Мен тек өзіме керекті затты ғана алып, шатырға кіргіземін. Олар көп болса да, барлығы ұқыпты жиналып тұр. Керек кезінде оңай тауып, қолдана аламын. Артық дүниенің маған керегі жоқ».

Адам өміріндегі ең жарқын сәттерді ешқашан ұмытпайды. Сонымен қатар, кейбір оқиғалар белгілі бір затты көргенде есінен шығып кеткен сюжеттер қайтадан еске түседі. Адам қуанышты, бақытты, қайғылы кездерін ұмытпайды. Себебі оның көңіл-күйінің оқиғаға байланысты күрт өзгерген шақтары санасында ұзаққа дейін жатталып қалады.

А. Қажиев