Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін
Фото: brainfitstudio.com

Сіз таныстарыңыздың есімдерін, телефон нөмірлерін, өлеңдер мен маңызды күндерді жиі ұмытатын болып жүрсіз бе? Соңғы кездері есте сақтау қабілетіңіз сыр беріп жүр ме? Онда оны жаттықтыратын кез келді. Маңызды ақпараттарды ұмытпау үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.

Миыңыздың жұмысын жеңілдетіңіз

Миыңызды артық ақпараттан босатыңыз. Күнтізбеге жоспарлаған істеріңізді жазып қойыңыз: базарға бару, кездесу, қонаққа бару және т.б. Көрінетін жерлерге маңызды шаруалар жазылған қағаздар жазып қойыңыз: «Анама қоңырау шалу», «Сүт сатып алу» деген сияқты.

Тынығу

Ми әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Миға салмақ түсірмей жұмыс істеп отырмын дегеннің өзінде де бірнеше минутқа тынығуға жетпейді. Миыңызға ара-тұра жеңіл массаж жасаңыз (қабағыңыз бен шашыңызды орта тұсын саусақтың ұшымен шеңбер жасағандай сәл батырып, уқалаңыз). Немесе мақтаға сергітетін май тамызып, (мысалы, бергамот) самай, құлағыңыздың ұшын, мұрныңызды уқалаңыз. 

Дайындық 

Егер көпшілік алдында сөйлеу керек болса, мәтінді актер сияқы жаттап алыңыз. Мәтіндегі сөздеріңізге жұртшылықтың реакциясы қандай болар екен, соны ойлаңыз. Мұндай дайындық сөйлеп тұрғанда сөздерді ұмытып, үнсіз қалған кезде көмектеседі. 

Ассоциациялар

Әсерлерді үйлестіріп көріңіз. Мысалы, егер үнемі газды өшіруге, үтікті өшіруге ұмытып кете берсеңіз, дәл есіктің алдына плакат жасап қойыңыз. Шығып бара жатқанда, көзіңіз бірден соған түсетін болсын.

Жоспарлау

Ұмытшақтықпен күресетін бірден-бір жол. Демалысқа бара жатырсыз ба? Алдын ала саяхатты сызып, керек-жарақты жазып қойыңыз. 

Тәртіп

Күнделікті қолдыныстағы заттардың (жалпы бар заттың) өз орны болсын. 

Спорт

Денсаулықты сақтаудың ең жақсы әдісі – жүгіру. Бұл жүрек жұмысын жақсартып, қан айналымын ретке келтіреді. Көптеген ғалымдар ғылымдық жұмыстарын жазып жатқанда осы әдіспен миларын босатып, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ол үшін аптасына үш рет асықпай, жарты сағат жүгіріп тұрыңыз. Тамыр соғысы минутына 140 соғудан аспасын. 

Сандарды тез жаттау

Сандар желісін көз алдымызға телефонның пернетақтасын елестету арқылы тез жаттауға болады. Немесе туған-туыстарыңыздың туған күндерін, туған жылдары және т.с.с таныс сандар арқылы жаттауға болады. Тағы бір тәсіл, әрбір санға арнайы сөз тағайындап қойыңыз. Мысалы, 1 – қарындаш, 2 – аққу, 3 – үй, 4 – орындық және т.б. Егер 350214 сандарын жаттау керек болса, "Үй машинасы жоқ аққумен қарындаш орындық ойнады" деген сөйлем құрап алып, санды жаттап аласыз. Әрі қарай бәрі өз фантазияңызға байланысты. Ұзын сандар тізбегін бірнеше бөлшекке бөліп, жаттасаңыз болады.

Мұндай тәсілдер өте көп, ең бастысы өзіңізге ыңғайлысын таңдап алыңыз.

Зерттеушілер миға тұрақты түрде интеллектуалды салмақ түсіру оның жұмысын қартайғанға дейін жақсы сақтайтынын дәлелдеген. Күнделікті көп ақпарат қабылдайтын бізге мидың бұл қасиеті өте маңызды.

Және есте сақтауға байланысты соңғы жаттығу: Мына мақаланы жақсылап есте сақтадыңыз ба? №1 кеңес есіңізде ме? Қалай аталған еді? Егер мақаланың сол бөлімі есіңізден шығып кетсе, осы кеңестерді дереу орындауға кірісіңіз!

A. Mustafina