Ғалымдар рак ауруын болдырмайтын өнімдерді анықтады

Ғалымдар рак ауруын болдырмайтын өнімдерді анықтады
Фото: vk.com

Соңғы кездері дүниежүзі халықтары арасында рак ауруы жиі кездесіп отыр. Тіпті, технологиялар заманын «Рак ауруы ғасыры» деп те атайды.

Америкада 1900 жылдары әрбір жүз мың адамның 64-і рактан қаза тапса, соңғы жарты ғасырда бұл көрсеткіш 150-ге жетіп отыр. Осы уақыт аралығында әлем бойынша рактан алдын ала сақтану шаралары көптеп жүргізілді, ондай аурулы адамдарды ауруханаларда емдеу ісі күшейтілді. Дегенмен, рак ауруының салмағы басқа аурулармен салыстырғанда әлі де болса басым.

Рак — қатерлі ауру, өйткені ол айналасындағы жасушаларға, тұтас ағзаға тез жайылып кетеді, қысқа мерзімде қан тамырлары арқылы да тұқымын таратып, ұялайды, денені уландырып, оның арқауын ыдыратады.

Науқастың дәрігерге ауруы абден асқынған кезде келетіні — рактың тез жайылуын аңғармай қалғандығы. Асқынған рактан емдеп жазу өте қиын. Тегінде ракты емдеп жазудан гөрі одан алдын ала сақтану оңай. Соңғы кезде рактан сақтану жөнінде ғылым көрнекті табысқа жетті.

Британиялық және норвегиялық ғалымдар асқазан-ішек ауруларының, соның ішінде, рак ауруын болдырмау үшін ең пайдалы жемістерді анықтады.

Ұлыбританиядағы Уорик университеті ғалымдарының зерттеулері нәтижесінде анар, қызыл жүзім сорттары, алмұрт, саңырауқұлақ, жасымық, соя және жасыл бұршақ асқазан-ішектегі рак ауруларының алдын алу үшін өте тиімді екені белгілі болды.

Ғалымдар бұл азық-түліктердің аутофагияға (өз зиянды компоненттерінің жасушаларын сіңіріп алу) беймдігі әсерінен ағзадағы қабыну процестерінің дамуына жол бермей, рак ауруына қарсы оң әсер ететінін айтты. Аутофагия дұрыс жұмыс істемесе, ақуыздар жиналып, қабынуды қоздырады екен.

А. Оралқызы