Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жиде және оның пайдасы

Жиде және оның пайдасы

Жиде және оның пайдасы

Жиде – ағашта өсетін ортасында дәні бар жидек. Жиде ағашы өте төзімді, шөл, құрғақшылық секілді көптеген шарттарда өсе алатын қасиетке ие. Осы ерекшелігімен әлемнің көп жерлерінде және еліміздің барлық өңірлерінде өседі. Жиде ағашының барлық өңірлерде өсе алуын қамтамасыз ететін қасиеті, топырақтағы азотты тамырына сіңіруі болып табылады. Сондықтан құм тоқтатуда, өзен, арық бойын, қаланы көгалдандыруда пайдаланылады. Гүлдеген кездегі жұпар иісі жағымды әсер қалдырады. Жиденің 40-қа жуық түрі бар.

Жидені тұтынудың денсаулық тұрғысынан ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы айтарлықтай көп, әсіресе ішек жолдары мен бүйрекке өте пайдалы болып табылады. Жидеде Е дәрумені көп болады. Бүйрегі ауыратындарға жиде жеуге кеңес беріледі. Бүйректер ағзамыздың ең көп жұмыс атқаратын мүшелерінің бірі. Бүйрек зиянды заттардың сыртқа шығарылуын қамтамасыз етеді. Зиянды заттар бүйректен өтетіндіктен адам жеткілікті мөлшерде су тұтынбайтын болса, кейбір қалдықтар қатайып бүйрек тасын қалыптастырады. Бүйрек тасы өте қатты мазалайтын, емі қиын аурулардың бірі. Ал жиде, гүлі, жемісі және дәнімен қоса толықтай бүйрек ауруына жақсы әсер етеді. Жиденің өзін жеп тұтыну пайдалы дедік. Сондай-ақ дәні мен гүлін қайнатып ішкен жағдайда бүйрегінде тасы барларға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар ішек жолдары, асқазан ауруларына өте пайдалы. Әсіресе іш өтуіне қарсы жақсы көмектеседі. Іш өтуі де ас қорыту жүйесінің кеселі. Іш өткен кезде бір уыс жидені реңі аздап сарғайғанға дейін суға қайнатып ішу керек.  Іш өтуіне қарсы жақсы көмектеседі.    

www.bilim-all.kz

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 09 желтоқсан 2017, 17:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.