Иммунитетіңізді төмендететін не?

Иммунитетіңізді төмендететін не?
Фото: mcpoz.ru

Кейде түрлі дәрумендерді және дәруменге бай тағамдарды жеп жүрсеңіз де, иммунитетіңіз нашарлап кетуі әбден мүмкін. Неге деп бір сәт ойланып көрдіңіз бе? Ендеше, өзіңіздің кейбір әдеттеріңізге мән беріңіз.

1. Ұйқыңыз қанбаса:

Сіз ұйықтап жатқан кезде иммундық жүйеңіздің бактерия мен вирустарға қарсы күрес жолын үйретуші бөлігі іске қосылады. Егер ұйқыңыз қанбаса, бұл жүйе жұмыс жасауын тоқтатады не дұрыс іске аспайды. Иммундық жүйеңіз қалыпты жұмыс жасасын десеңіз, тәулігіне 7-8 сағаттан кем ұйықтамаңыз.

2. Отырып жұмыс жасайтын болсаңыз:

Физикалық белсенділік аздығы иммунитетіңізді төмендетеді. Әсресе, күні бойы отырып қызмет ететін қызметкерлердің иммундық жүйесі әлсіз. Спортпен шұғылданбайтын адамдар спортпен айналысатындарға қарағанда 42% ұзақ ауырады. Күніне бірнеше жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз. 

3. Жалғыздық:

Сіз уақытыңызды жалғыздықта ұзақ өткізсеңіз, сіздің денеңіздегі норадреналин гормонының мөлшері көбейеді. Егер норадреналиннің мөлшері шектен тыс көбейсе ол иммундық жүйеңіздің кей бөлігіне зиянын тигізеді.

4. Күйзеліс:

Егер күйзеліске түсіп, одан шыға алмай жүрсеңіз, мынаны ескеріңіз: сіздің иммундық жүйеңіз сізбен бірге әлсірейді. Күйзеліс кезінде адамдардың ауру жұқтырып алу мүмкіндігі артады.

5. Майлы тағамдар:  

Күнделікті ас мәзіріңізден майлы тағамдарды алып тастағаныңыз жөн. Ол сіздің иммунитетіңізді төмендетіп, ауру тудырады.

6. Ішімдіктер:

Ішімдікті жиі қолдану ақ қан түйіршіктерінің тиімділігін төмендетіп, вирус және бактериялармен күресуіне кері әсерін тигізеді.

7. Жақындарыңыздың әлсіз иммунитеті:

Адамдар ұзақ уақыт бірге тұрса, онда олардың иммундық жүйесі де бірдей дәрежеде болады. Мұны үйде бірге жасайтын әдеттеріңізбен байланыстыруға болады. Мысалы: тамақ ішу, киіну мен өзін-өзі күту. Егер жақындарыңыздың иммунитеті төмен екенін аңғарсаңыз, күнделікті әдетіңізге назар аударғаныңыз дұрыс.

8. Антибиотиктер:

Антибиотиктерді тек керек жағдайда ғана қолданған жөн. Олар сіздің иммундық жүйеңіз бен бактериялар арасындағы байланысты бұзады. Сол себептен антибиотиктер аурумен күресуде жылдам нәтиже береді. Бірақ, антибиотикті қолданғаннан кейінгі сіздің иммундық жүйеңіз әлсірейтінін естен шығармаңыз. 

Өз денсаулығыңызды күтіңіз!

Т. Есқали