Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Кеңсе қызметкерлері қалай тамақтану керек?

Кеңсе қызметкерлері қалай тамақтану керек?

Кеңсе қызметкерлері қалай тамақтану керек?

Кеңсе қызметкері 8 сағатын кеңседе өткізетіндіктен, артық қимыл мен күшті талап етпейтін жұмыспен айналысатындықтан олардың артық салмақ қосып алу мүмкіндігі жоғары. Одан құтылу үшін не істеу керек?

Ереже №1. Таңғы асты тастамаңыз.

Таңғы ас ішуге көп жағдайда уақытымыз бола бермейді. Сол себептен күні бойы қарнымыз ашып жүргендей болады да тұрады. Кеңсе қызметкелері көбіне бұл мәселеден шығу үшін шоколад жей салады немесе кішкентай бөлке нандарды қолданады. Тойымсыз таңғы астан соң ағзаңыз бәрібір тамақ сұрай береді.

Ереже №2. Калориялы тамақтан бас тартыңыз.

Таңғы аста барлығын жеуге болады дегенді естіген боларсыз. Бірақ, бұл тағы да аңыз. Құрамында май, қант, көмірсу көп калориялы тағам сізге пайдасын тигізе қоймайды. Сондықтан, жеңіл әрі пайдалы тағамды жегеніңіз дұрыс.

Ереже №3. Мейрамхана мен кафелерде бизнес-ланчқа тапсырыс бермегеніңіз дұрыс.

Ғалымдар түскі аста бизнес-ланчқа тапсырыс беретіндер өзгелерге қарағанда көбірек калориялы тағамды пайдаланатынын дәлелдеген.

Ереже №4. Асықпай тамақтаныңыз.

Сіз асығып тамақтанған сәтте, миыңыз сіздің қарныңыздың тойғаны туралы ақпаратты алып үлгермейді. Яғни, асқазаныңызға сіз ойлағаннан да көп салмақ түседі.

Ереже №5. Жұмыс орнында тамақтанбаңыз.

Тамақ жеп отырып, сонымен қатар, жұмысты да бірге атқарып отырсаңыз, не жеп отырғаныңызға мән бермейсіз. Бұл іс-әрекетіңіз артық салмақ  қосуға әкеледі.

Ереже №6. Түскі асты өзіңізбен бірге ала келіңіз.

Дұрыс тамақтану үшін пайдалы түскі ас сөмкеңізде жүруі керек. Сіз өзге жерден тамақтанғанға қарағанда, өзіңіз дайындаған  тамақтың құрамын, мөлшерін, бағасын қадағалай аласыз.

Тоңазытқышсыз 3-4 сағатта бұзылмау үшін мына тағамдарды түскі асыңыз ретінде қолдануға болады:

•   Майсыз ет: суға пісірліген тауық еті, нәруызға бай тағамдар.
•   Көкөністер мен жемістер: пайдалы, сіңімді әрі артық калориясыз.
•   Пайдалы сэндвичтер: нан бөлкелерін лавашпен алмастырыңыз, майсыз құс еті мен көкөністерді қолданыңыз.
• Су. Судың пайдасын көбейтуді қаласыңыз лимон шырынын, қиярдың бірнеше кесіндісін немесе жалбызды қосуыңызға болады.

Ереже №7. Тойып тамақ ішпеңіз.

Кешкі ас барысында тамағыңыздың өлшеміне мән беріңіз. Қарнымды тойдырамын деп, артық салмақты да жаныңызға серік етіп алудан сақ болыңыз.

Өз денсаулығыңызды күтіңіз!

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: http://bagiraclub.ru
Қосылған күні: 21 тамыз 2017, 10:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.