Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты 3 қағидасы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты 3 қағидасы
Фото: google.kz

2017 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)  жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мемлекеттің, жұмыс беруші мен өзін-өзі еңбекпен қамтыған азаматтардың міндетті сақтандыру төлемдерінен құралады. МӘМС-ті жүзеге асыруда өзіндік қағидалар да бар. Олар:

1. Міндеттілік

Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуға тиіс.

2. Әлеуметтік әділдік

Әрбір сақтандырылған қатысушының төлеген жарна мөлшеріне қарамастан, қызметтің толық мүмкіндігін алу құқығы бар.

3. Ниеттестік

Денсаулық сақтау саласының ауыр жүгі мемлекет, жұмыс беруші және әр адамның өз мойнында.

Айта кетейік, осыған дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басты 5 артықшылығы жайлы жазған едік.  

Ө. Сансызбай