Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың екі түрі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың екі түрі
Фото: kgkp-pol2.kz

Медициналық сақтандыру —  денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі. Медициналық көмек қажет болғанда сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жиналған қордағы қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі бар. Олар — негізгі медициналық сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру.

Оның бірі – негізгі сақтандыру түрі. Оған мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Бұл еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болмақ. Мәселен, мемлекет жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсету мен алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады. Екіншісі – міндетті медициналық сақтандыру. 

Сақтандырылған азаматтар үшін: (Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек)

Амбулаториялық-емханалық көмек:
- Емханадағы емдеу;
- Дəрігерлердің қабылдауы;
- Зертханалық қызметтер;
- Диагностика жəне манипуляциялар;

Стационарлық көмек
– жоспарлы тəртіпте ауруханаларда емдеу;

Стационар алмастырушы көмек
– күндізгі стационарда ем қабылдау;

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер
– күрделі жəне бірегей медициналық технологияларды пайдалану арқылы орындалатын медициналық көмек;

Дəрімен қамтамасыз ету
– амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде;

Мейірбике күтімі
– басынан кешкен аурудың салдарынан өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ, бөгде адамдардың тұрақты күтімін немесе қарауын қажет ететін адамдар;

Паллиативті көмек
– емдеуге келмейтін, өміріне қауіпті жəне ағымы ауыр аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын адам үшін мүмкін болатын ең жоғары қолайлы деңгейде қолдау.

Сақтандырылмаған азаматтар үшін:

- Жедел жəрдем жəне санитариялық авиация;

- Әлеуметтік маңызы бар аурулар (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті жəне т.б.) жəне жедел жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

- Амбулаториялық-дəрілік қамтамасыз ету арқылы амбулаториялық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).

- Профилактикалық егулер;

Ө. Сансызбай