Қабағыңыз жиі тартыла ма?

Қабағыңыз жиі тартыла ма?
Фото: Caracol

Ата-бабадан қалған ырым-тыйымдарға зер салатын болсақ, қабақтың тартуына орай түрлі жорамалдар жасалған. Оң көзі тартса, қуаныштың белгісі. Сол көзі тартса, қырсықтың жақындағаны. Дегенмен, жорамалдардан бұрын ғылыми зерттеулерге  сүйенген дұрыс. Ғылымда көздің ауырып, қабақтың тартуын медициналық тілмен жақсы түсіндіріп, дәлелдеген. Көздің үстіңгі қабаты өзінен-өзі қимылдайтыны бәрімізге белгілі. Егер бұл анда-санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда ол денсаулыққа зиянды емес. Ең алдымен, ағзаны демалдыру қажет, уақытылы ұйқы, уақытылы тамақтану, басқа органдардың қызметіне зиян келтірмеу керек. Жиі қайталанатын құбылыс болса, денсаулығыңызға мән беріңіз. Жүйке талшықтарына абай болыңыз.

Қабақ не үшін тартылады?
Көздің шаршауы. Көздің шаршауы – қабақтың тартылуының ең басты себебі.
Өзіңізге қызықсыз, алайда атқаруға тиісті жұмыстармен ұзақ уақыт компьютер алдында отыру, қараңғы жерде кітап не газет оқу, ұйқының уақытылы болмауы қабақ айналасындағы бұлшықетке артық күш түсуінен «қабақ тартылуы» пайда болады.

Жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түсуі
Қабақтың тартылуы жүйке жүйесіне шамадан артық күш түсуінен пайда болады, психикаға ұзақ уақыт күш түсіру, күйзеліске шалдықтырады. Көз айналасы яғни қабақтың тартылуы көбіне жағымсыз хабар алғаннан кейін де орын алып жатады.

Жүйкенің тозуы
Көздің үстіңгі және астыңғы жағы тартса, оған жүйкенің тозуы себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайда не істеу қажет? Зақым келтірген не екеніне көз жеткізу қажет, стресс туғызып жатқан, ішкі мәселелер ме (реніш, өкпелеу, дау-дамай) әлде интеллектуалдық, эмоцияналдық күш түсіру ме – анықтап алу қажет. Осыларды анықтап алғаннан кейін қандай шара қолдану керектігі анықталады. Міндетті түрде ағзаны демалдыру үшін тыныштану керек және ағзаны босаңсыту қажет.

Конъюнктивит. Қабақтың тартылуы көз ауруымен байланысты болуы да мүмкін. Бұл жағдайда көздің мөлдір қабаты қабынады. Көзге бір нәрсе түсіп кеткендей сезінесіз, жайсыздық туғызған нәрседен арылып дұрыс көру үшін көзді қайта-қайта жыпылықтата бересіз, бұл көзге шамадан тыс көп күш түсіреді. Мұндай жағдай болған кезде көз дәрігеріне көріну қажет, олар себебін анықтап, керекті емдеу шарасын жүргізеді. Егер олай жасамаған жағдайда үнемі қабақтың тартылуынан арыла алмай көздің көруі әлсірейді. Көзді жыпылықтата беру әдетке айналып одан арылу тіпті қиындауы мүмкін.

Жүйке бұзылысы
Қан қысымының жоғарылауы және ми қан айналымының бұзылысы кезінде қабақ тартуы мүмкін. Сондықтан невролог маманға қаралу қажет.

Көзді шаршаудан арылту үшін жаттығу
Көзді демалдыруға арналған жаттығулар жасауға болады. Алдымен отырған жер ыңғайлы болуы керек және ешкім мазаламауы қажет. Баяу орындалатын әуен қосып қоюға болады.
Екі қолыңыздың алақанын бір-біріне ысқылаңыз, көзіңізді жұмып жылы алақаныңызбен көзді басып отырыңыз.

Ә. Жутаева