Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Күтпегенді күтіңіз

Күтпегенді күтіңіз

Күтпегенді күтіңіз

Адам өмірі қолдан жазылған кітап секілді. Соңы сәтті не сәтсіз аяқталуы өзіне тікелей байланысты. Маңдайға тағдыры жазылатыны сөзсіз. Сол орайда адамға таңдау берілетіні де бар. Қуанышпен қатар қайғының да көрініс беретіні мәлім. Әр адам өз мүмкіндігін барынша пайдалана алуы шарт. Қателесуден қорықпау қажет. Керісінше, қателіктен сабақ алмағаннан қорқу керек. Өмірде күтпеген жерден келетін тосынсыйлар өте көп. Жақсы жағынан немесе жаман жағынан қабылдау өз қолымызда. Өмірдің мәнін кітаптан, кинодан іздеудің қажеті жоқ. Алайда, өз өміріміздің кітап болып жазылуына, кино болып түсірілуіне толық хақысы бар.

Адам өмірі дөңгелекті арба секілді, қатты жүріп бара жатқан арба қай бұрылыстан түсіріп кетері белгісіз.

Өмір – бұл қазір. Ол «кеше» немесе «ертең» емес.

Бұл әлемде неше түрлі тағдыр бар, сенің тағдырың жалғыз – оны бүлдіріп алма.

Өмірге наразылық танытқанша, мәнді өмір сүруге ұмтылыңыз.

Бұл өмірде жалғыз бақыт – тоқтаусыз алға қарай талпыну.

Егер өміріңізде қиындық туса, оның себебін өзіңізге түсіндіріңіз – сонда жүрегіңіз тынышталады.

Өмір жылау, күрсіну және күлуден тұрады, алайда күрсіну басымырақ.

Біз көне өмірге сүйсінеміз бірақ, қазіргі заманмен өмір сүреміз.

Өмір сізге езу тартуы үшін, оған бастапқыда өзіңіз жақсы көңіл-күй сыйлаңыз.

Күтпеген дүниені күтіңіз. Ғажайыпқа сеніңіз.

Кез-келген мұңды кезіңіз бір сәтте қуанышқа айналуы ғажап емес. Күтпеген жерден бақыттың келерін біліп жүріңіз. Үміт үзбеңіз!

3
Рейтинг: +7

Дайындаған: Әсел Жутаева
Фото: O Pico da Montanha é onde estão os meus pés.
Қосылған күні: 18 қараша 2016, 10:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.