Ағзаны тазарту: Темекі уы (никотин)

Ағзаны тазарту: Темекі уы (никотин)
Фото: elitefon.ru

Темекі шегу адам денсаулығына аса зиян екенін барлығы біледі. Бұл жаман әдетті неғұрлым тез тастасаңыз, соғұрлым денсаулығыңыз жақсарады. Осы қолайлы кезеңді пайдаланып, ағзаны никотиннен, яғни темекі уынан 2-3 күн ішінде тазартып алуға болады.

Бақытты болашаққа сау ағзамен қадам басу үшін, дастарқанға қандай тағамдар қойған дұрыс?

Апельсин — никотинге қарсы өте күшті қару. Цитрустар тұқымдасына жататын жеміс ағзаны С дәруменімен байытады және никотин тапшылығынан туатын күйзелістен арылтады.

Лимон — темекіден бас тартқанда туатын ашумен күресетін мықты құралдың бірі. Темекі шеккеннен кейін үш күн ішінде ағзаңызға никотин еніп үлгереді. Иммунитетіңізді әлсіретіп, теріңіздің әрін кетіреді. Бұрынғы жайдарылықты қайтаруға С дәрумені мен лимон қышқылы көмектеседі. Шайға лимон салып ішіп, лимонад жасап, тамаққа да лимон қоссаңыз болады.

Сәбіз. Ағзаны А дәруменімен толықтыратын уақыт жетті. Темекі шегетін адам әр талын тұтатқан сайын А витаминін азайта береді. Ағзада А және С дәрумені деңгейі төмендеген сайын, адамның жүйкесі жұқарып, қан айналым жүйесі бұзылады, ми құрылысы қалыптан шығады. Оның құрамында иммундық жүйені күшейтіп, жігер беретін бета-каротин көп.

Анар. Барлығыз білетіндей, темекі шегу жүрек жұмысын нашарлатады, оттегі жетіспей бастайды. Қантамыры жүйесін ретке келтіріп, қанайналымын жақсартуға анардың пайдасы мол. Ол кальций, калий, магний, натрий, марганец секілді макро және микроэлементтердің қайнар көзі.

Темекіні қоя алмаймын деген сөзді ойға да алмай, бір күнде тастап кетіңіз. 

@. @assel_assanova