Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Кальян шегесіз бе?

Кальян шегесіз бе?

Кальян шегесіз бе?

Кальян шегу қазірде сәнді, заманауи демалу түрлерінің біріне айналды. Демалыс орындары, кафе, мейрамханаларда кальянның түр-түрі кездеседі, кальянмен темекі шекпейтіндер де әуестеніп кетті. Алайда бір қарағанда зиянсыз қызығушылықтың денсаулыққа зардабы қандай?

Кальянға қызығатындардың көбісінің ойынша, кальян - темекі, ішімдікке қарағанда зияны жоқ әуестік. Егер сіз де кальянды бұрын-соңды тартып көрсеңіз, мына ақпаратпен таныс болыңыз.

Кальян неге танымал?

Темекі шегудің экзотикалық түрі - кальян қазірде өте танымал. Оған себеп не? Көпшілік кальянның темекіден гөрі зияны аз деп ойлайды. Сондай-ақ темекіге түрлі ароматизаторлар қосылып, оның жағымсыз дәмін жасырады. Кальянның түтіні қалың, әдемі болып шығады. Соның арқасында кальян ерекше романтикалық, шығыс атмосферасын қалыптастырады. Кейбір демалу орындарында кальян бөлмелері бар, ондағы интерьер тіпті кальян шегуді ерекше рәсімге айналдырады. 

Сондай-ақ кальяндарды Шығыс елдерінде демалыстан кейін кәдесый ретінде алып келіп жатады. Біреулер кальян темекісінің сыртында "никотині жоқ" деген жазуға сенеді. Әрине ол тек маркетингтік айла. Кальянды темекіні шекпейтіндер де, темекіге қарсы адамдар да шегіп көруден бас тартпайды.

Кальян мен темекінің айырмашылығы қандай?

Қазірде кальянды көпшіліктің сүйікті әуестігі қылған - оған жасалған ауқымды жарнама. Оны өндірушілер мен сатушылар кальянды зияны аз темекі тарту түрі деп көпшілікті сендірді. Алайда бұл қате тұжырым. Ғалымдар мен дәрігерлер кальянның зияны жайлы айтып, дабыл қағуда.

Кальян шегу - ол да сол темекі шегудей. Никотинге әуес болған ағза, темекі не, кальян не, бәрібір оны талап етеді. Темекі шеккенде никотиндік ашыққандық 5-10 минутта басылады. Бұл уақытта өкпеге жарты литр темекі түтіні түседі. Ал кальянды орташа есеппен бірнеше сағат шегетіндікке байланысты, сіздің өкпеңізден 150 темекіден болатын түтін өтеді.

Сұйық сүзгі кальянның түтінін тазалай ма?

Кальянның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де, толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамында тұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металлдар тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта 5 қорап темекідегідей болады. 

Сондай-ақ кальян жабық бөлмелерде шегілетініне байланысты, оның түтіні гипоксия (ауа жеткіліксіздігі) тудырады. Бұл да кальянның ағзаға улы әсерін жоғарылатады.

Кальян отырыстары

Қазірде жастар арасында кальян отырыстарын ұйымдастыру кең етек жаюда. Жиі кальян шегу никотинге тәуелділікке әкеледі. Сондай-ақ бір кальянды бірнеше адам шеккенде түрлі тыныс жолдарының жұқпалы ауруларын (гепатит В, туберкулез, тұмау)  жұқтыру мүмкіндігі жоғарылайды. Кальян шеккен достарының арасында отырған адам оны тартпаса да, пассивті шегуге шалдығады.  

Кальянға құмар жандарға жүргізілген зерттеулер олардың арасында өкпе қатерлі ісігіне шалдығатындардың саны әлдеқайда көп екенін көрсетті. Сондай-ақ сараптамалар бойынша темекі шегетіндер мен кальян шегетіндердің бұл ауруға шалдығу мүмкіндіктері бірдей екен.

Кездейсоқ, өмірінде бірнеше рет қана кальян шегіп көргендер оны тұрақты қабылдайтындардан әлдеқайда көп. Олар кальян арқылы жаңа эмоциялар сезінгісі келеді. Көп жағдайда кальян шегу - сәнге кірген рәсімнен құр қалмаудың амалы ғана. Бұл - кезекті қызығушылық, қоғамның әсері.

Бір қарағанда зиянсыз бұл қызығушылықтан болашақта зардап шекпеу үшін қазірден бастап өзіңізді тыя біліңіз.

Ал сіз кальян шегесіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: jurnalelen.ru

2626 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 14 қараша 2012, 14:59
Пікірлер
+0
14 қараша 2012, 15:08

Шеккем. Бірақ, дым ұнамады маған!

+0
14 қараша 2012, 15:17

Бір рет тартып көргем ұнамады және оның зичны көөөп

+0
14 қараша 2012, 15:22

Шекпеймін.

+0
14 қараша 2012, 15:27

Шегіп көрмедім, шекпеймін де

+0
14 қараша 2012, 15:29

Шекпеймін, кальянның иісінен жүрегім айниды. Дайындап әкелетін адам аузына салады одан кейін оны бірнеше адам аузына салады. Сұмдық қой!

+0
14 қараша 2012, 15:32

Иісі мен түтінінен құсқым келеді

+0
14 қараша 2012, 15:32

мүлдем

+0
14 қараша 2012, 15:33

пікірлер қуантады)

+0
14 қараша 2012, 15:41

Шегіп көрмедім, бірақ кальян шеккен ортада болып көрдім. "Кальян шеккен достарының арасында отырған адам оны тартпаса да, пассивті шегуге шалдығады." дейді? Демек, пассивті түрде шегіп көріппін ғой. (( Шеккен кезде кәдімгі есірткі шеккендей рахаттанатындарын байқадым. Зияны осыншалықты көп деп ойламаппын. :roll:

+0
14 қараша 2012, 19:53

шеккен емеспін,шекпеймінде.

+0
15 қараша 2012, 14:50

Өмірімде шегіп көрмеппін және ондай ойым да жоқ! ал кальян шеккен қыз көрсем ұрғым келеді)))))

+0
16 қараша 2012, 02:33

шекпейм))) шеккен да жоқпын, осының зиянын айтам деп шегетін достарыма жеккөрінішті болғам :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...