Балаларда жиі кездесетін аллергия түрлері

Балаларда жиі кездесетін аллергия түрлері

Қазіргі таңда балалар арасында аллергиялық аурулар жиі кездеседі. Балаларының денсаулығы үшін ата-ана уайымға салынатыны белгілі. Назарларыңызға балалар сырқатының себептері, белгілері, емдеу жолдары жөнінде ақпарат ұсынамыз.

Аллергия – жас талғамайтын ауру. Бұл кез келген адамда, кез келген жаста дамитын, тіпті емізулі сәбилерде де кездесетін сырқат. Балалар аллергиясы аллергологияның ерекше бір саласы. Ол балалардағы аллергиялық ауруларды зерттейді. Әлемде әрбір бесінші бала аллергиядан зардап шегеді. Сондықтан бұл сала әлем дәрігерлері үшін аса маңызды. Аллергия сөзі грек тілінде «бөгде затқа реакция» деген мағынаны білдіреді. Ол – ағзаның қарапайым жағдайда зиянсыз заттың, аллергеннің мөлшеріне жоғары сезімталдық реакцясы.

Ең көп тараған аллергия түріне: шөпке және ағаштарға, жәндіктердің уына, үй шаңына, жануарлардың, құстардың жүндеріне, қауырсындарына реакция беруі жатады.

Аллергендер шартты түрде тағамдық, биологиялық, химиялық, дәрілік болып бөлінеді.

Респираторлық аллергия. Ол өте ұсақ ауада жүретін  аэроаллергендерден (өсімдіктердің шаңы, жануарлардың жүнінен және қайызғақтарының бөлшектері, зең саңырауқұлақтарының споралары, үй шаңының кенелері, тарақандар) туады. Мұнда тыныс жолдары арқылы енген аллергендер науқаста түшкіру, мұрынның бітелуі, су ағуы және т.б. белгілерін береді.

Тағамдық аллергия көбінесе емізулі балаларды жасанды қоректендіруге ауыстыру, қосымша тамақты енгізу кезінде көп кездеседі. Бұл жерде аллергия шақыратын тағамның түрімен қатар, мөлшеріне де байланысты. Мұндай жағдайда аймақтық дәрігермен кеңескен жөн. Егер баланың ата-анасында, ата-әжесі, жақын туыстарында (тұқымдарында) бронх демікпесі болса, гипоаллергенді тағамдарды қолданғаны дұрыс.

Дәрілік аллергия да қазір кеңінен етек алды. Ол сәбилерге арнайы дайындалатын сироп, суспензия және т.б. тәтті сұйықтық дәрілерді берумен байланысты.

Анафилактикалық шок  аллергиялық реакцияның асқынған, ең қолайсыз түрі. Ол көбінесе жарғаққанатты жәндіктердің  маса, ара және есек араның шағуынан күшейеді.

Аллергия қандай да бір зат тудырғанына байланысты маусымдық және созылмалы болып келеді. Созылмаы аллергияда аллерген үнемі адамға әсер етеді, ал маусымдық аллергия – белгілі бір жыл маусымында ғана көрініс береді. Ересек балалармен салыстырғанда жас сәбилерде аллергия жиі кездеседі. Соның ішінде емізулі балалар атопиялық дерматит диагнозымен жатып ем қабылдайды.

Бұл  балалардағы аллергияның терілік түріне жатады. Тұрмыста "диатез" деген атпен таныс бұл ауру емізулі балалардың бетінде, құлақ сырғалықтарында, бастың шашты бөлімінде қызыл қабыршақтанатын дақтар. Мұндай жағдайда бірінші дәріханаға емес, аллерголог маманға жүгіну керек. Себебі мұның соңы аллергиялық есекжем немесе бронх демікпесіне ұласуы мүмкін. Сонымен қатар, балаларда «алергиялық көгерулер»  көздің айналасы қараюы мүмкін. Көз, тыныс алу жүйесі, тері және ішек жолдары аллергиялық реакцияға аса сезімтал болғандықтан, бұл сырқатпен ауыратындар көп. 

Аллергияның емделу жолы  ең бірінші қарсы аллергенмен қатынасты бірден тоқтату керек. Дәрігермен кеңесіп, антигистаминді аллергияға қарсы дәрілік заттарды  зиртек, телффаст, тавегил,  супрастин және т.б. беру қажет. Егер терілік реакциялар болса (қышу, мазасыздық), сол аймақты салицил спиртімен немесе басқа спирттік тұнбалармен сүрту қажет. Егер медициналық көмек қажет болса, оның келуіне дейін науқастың барынша кең тыныс алуына жағдай жасаңыз.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Медицина – көмек емес, қызмет. ER-BATYR жобасында дәрігер Киреев
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Golden Boy президенті Головкин – "Канело" ІІІ жекпе-жегінің өтетін уақытын айтты
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Қысқы дөңгелекті қалай таңдаған жөн
Алакөл суының емдік қасиеті
Алакөл суының емдік қасиеті
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Том Сойер немесе Изумруд қаласының сиқыршысы: қазіргі балалар қандай кітап оқиды?
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"
Дүйсенәлі Әлімақын: "Қайтқан құстар ғазал айтты төбемде"