Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Сақалы бар сәби

Сақалы бар сәби

Сақалы бар сәби

Үндістандағы Пудучерри қаласында дүниеге келген сәби 18 айға дейін басқа балалардан ерекшеленбеді. Алайда, біршама уақыт өткеннен кейін бала күрт өзгеріп сала берді: оның дауысы өзгереді, жыныстық мүшелері өседі, бетіне безеулер шығады, дөрекі әрі қызуқанды болып шыға келеді.

Көз алдарында болып жатқан құбылысқа таңданған баланың ата-анасы JIPMER қызметкерлеріне жүгінеді. Бұл – елдегі ең үздік медицина орталығы.

Медицина қызметкерлері адам нанғысыз диагноз қойды. Сәбидің бойында болып жатқан өзгерістер өтпелі кезеңде, яғни адамның 12-14 жасында болатын құбылыстар екен. Балаға арнайы курстар тағайындалғанымен, ешбір әсері болмайды. Емдеу шаралары арзанға түспегендіктен, ата-анасы барлық жиған-тергенін тауысып бітті.

Институттың белгілі нейрохирургі Рупеш Кумар сәбидің миына ота жасауды ұсынады. Бұл ота оның өсу процесін баяулатуы керек болатын. Әйтпегенде, бала жеті жасқа толғанда, ересек еркектің күйін кешетін еді. Бұл – өте қауіпті проблема. Баласының болашағына алаңдаған ата-ана тәуекелге бел буып, отаға келіседі.

Ауыр хирургиялық отаның нәтижесінде, дәрігерлер баланың гипоталамусынан потологиялық даму талшықтарының біршама бөлігін алып тастайды. Ота өте сәтті өтіп, мидың басқа құрылыстарына зиян тимейді. Нәтижесінде, кішкентай үндістандықтың ағзасындағы гормондардың деңгейі қалыпқа түседі.

Жалпы, қалыптан тыс жыныстық жетілу 5-10 мың баланың бірінде ғана болатын жағдай. Бірақ ол мұндай жаста емес, 2-3 жастан кейін байқалатын құбылыс.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byakinet

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 қазан 2013, 12:31
Пікірлер
+0
12 қазан 2013, 13:31

Үндістандағы Пудучерри қаласында дүниеге келген сәби 18 жасына дейін басқа балалардан ерекшеленбеді. Осында 18 айына дейін емес пе екен?

+0
12 қазан 2013, 18:21

18 айға дейін деп тұр ғой

+0
12 қазан 2013, 20:58

Мақала шыға сала оқығанымда, "жасына" дейін деп тұрды. Демек, түзеген ғой.)) Анау сөйлемді жазбадан көшіріп қойғанмын.

+0
12 қазан 2013, 13:57

Ужас қой мынау :o

+0
12 қазан 2013, 21:06

:shock: :o :lol: :?: :mrgreen: :lol:

+0
13 қазан 2013, 00:40

кайта акылды болып оспедимекен :)

+0
16 қазан 2013, 16:30

Сақалды сәби

+0
16 қазан 2013, 16:40

Біртүрлі көрінеді иа, ол да бір табиғаттың күші ғой

+0
18 қазан 2013, 16:52

Махамбет бабамыз бекер айтпаған екен:
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебіңгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!

+0
21 қазан 2013, 15:14

оуу керемет :lol: :lol:

+0
22 қазан 2013, 02:21

Недеген коркынышты. Кудай ози сактасын...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.