Судан қорқатын баланы шомылдыру

Судан қорқатын баланы шомылдыру
Фото: papamamaja.ru

Кішкентай сәбилер арасында судан қорқатындары бар. Олар ванна бөлмесіне кіргеннен не денесі суға тигеннен бастап айқайға басады. Бірі көзіне сабынды су кіріп ашытуынан қорықса, енді бірі суық немесе ыстық судан қорқады. Ондай сәбилермен қалай тіл табысуға болады?

Баланы жуындырмаса, гигиеналық тазалық сақталмайды. Ал жуындырсаңыз, бала шыңғырып жылайды. Мұндай жағдайда баланы үлкен ыдыстағы суға салмай, ванна бөлмесіне кіргізбей-ақ жуындыруға болады. Балалар қорқатын мұндай түрлерге бір ай уақыт шамасында шектеу қойыңыз. Оның орнына жылы суға малынған шүберекпен денесін ұқыпты түрде ысқылап жуыңыз. Осы әрекетті бір айдай қайталап көріңіз.

Бір айлық үзілістен соң баланы пластикалық шелекте шомылдырыңыз немесе ваннаға түсіретін болсаңыз, шомылдыратын адам бірге суға түскені жөн. Жанында бір адамның болуы балалардың судан қорқу сезімін сейілтуі мүмкін. Кез келген түбі бүтін ыдыс таңдай салмай, баланы шомылдыратын арнайы құрал алыңыз.

Баланы суға шомылдырар кезде ескеретін басты жағдайлардың бірі – судың температурасы. Кейде балалар судың суық немесе ыстық болуынан да қорқып, шошынып жылайды. Сондықтан баланы шомылдыратын су температурасы қалыпты деңгейде жылы болуы керек. 

anamenbala.kz

@. @assel_assanova