Жалғыздық адамды дертке шалдықтырады

Жалғыздық адамды дертке шалдықтырады
Фото: mind-gu

АҚШ-тың Чикаго университетіндегі ғалымдары жалғыздық адамды түрлі дертке шалдықтырып, тіпті өмірден ерте өту мүмкіндігін жоғарылатады деп отыр.

Ғалымдар ұзақ уақыт жалғыз өмір сүрген адамның ми жұмысы бұзылып, иммундық жүйесі толықтай зақымданады деген тұжырымға келді. Proceedings of the National Academy of Sciences ғылыми журналында осы зерттеудің нәтижесі жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген мақала жарияланды. Мақалада жалғыздық адам денсаулығына қаншалықты зиян екені жан-жақты дәлелденген. Қоғамнан бөлектеніп өмір сүрген адам ерте қаза болу қаупі 14 пайызға артатыны жазылған.

Ғалымдар пайымынша, адам жалғыз болған кезде өзін қорғансыз сезініп, қобалжумен болады. Бұл оның ген белсенділігін жоғарылатып, ағза мүшелерінде қабыну қаупін күшейтеді екен. Осыдан иммунитет төмендеп, адам түрлі дерттерге шалдығады.

Дереккөз: ИА "Казинформ"
С. Ерсін