Йогамен айналысатындардың жұмбақ шайы

Йогамен айналысатындардың жұмбақ шайы
Фото: domuspanis.blogspot.com

Йогамен айналысушылар шайы денсаулыққа өте пайдалы. Мұндай шайдан бас тарту оңай емес. Өйткені ол ерекше дәмімен, хош иісімен жаныңызды баурап алады.

Бұл шай қанды тазалауға, ас қорыту жолдарын жақсартуға, жүйке-жүйелерін тыныштандыруға көмектеседі. Сонымен қатар тұмауға қарсы белсенді күресіп, көңіл-күйді көтереді. Ал егер ағзаңызды толық тазалағыңыз келсе, 3 күн тамақ ішпей, осы шайды тұтыныңыз. Күніне 15-20 кесесін ішуіңіз керек.

Йога шайы дәруменге және микроэлементтерге бай. Сондықтан оны таңғы кофенің орнына да тұтынуға болады. Ол үшін қажетті нәрселер: 

- 9 қалампыр түйіршігі;
- 9 түйір кардамон;
- 1 таяқша даршын;
- 4 шай қасық куркума;
- 5-10 шай қасық жанжабіл;
- 0,5 шай қасық қара шай. 

Дайындалу жолы: 

1. Дәмдеуіштерді өз қалауыңызша қосуға болады. Өйткені әркімге әрқалай ұнайды. 

2. Барлық ингредиентті (шайдан басқа, шай ең соңында қосылады) қайнаған суға салыңыз (су 2 литрден кем болмау керек). Содан соң баяу жанып тұрған отқа 5 минутқа қойыңыз. Үстіне 1 стақан сүт қосуға да болады.

Бұл шайға бал қосып ішкен өте пайдалы. 

Ж. Исакаев