Арықтағысы келетіндерге 10 кеңес

Арықтағысы келетіндерге 10 кеңес
Фото: вк

Артық салмақтан құтылу туралы әртүрлі пікір бар. Алайда оның қайсысы шын, қайсысы аңыз екенін ажырату оңай емес. Арықтауға арналған ең таңдаулы 10 кеңеске құлақ аса жүріңіздер.

1. Егер сіз кішкентай кезіңізден ыдыстағы асты толық тауысуға үйренсеңіз, оны доғарыңыз. Себебі қомағайлық жақсы әдет емес.

2. Тамақ үстінде ештеңеге алаңдамаңыз. Мәселен,  газет оқып отырсаңыз – не ішіп отырғаныңызды білмейсіз, сондықтан тамақтану мәдениетіне көңіл бөлген дұрыс.

3.  Аузыңызға салған тамақтың дәмі мен иісін сезінуге  тырысыңыз.

4. Тамақты әбден шайнап жұтыңыз, ас қорыту жеңілдейді.

5. Тағамды жұтқан сайын аз ғана үзіліс жасаңыз.

6. Жалғыз тамақтанбауға  тырысыңыз.

7. Жұбайлар диета сақтауда бірін-бірі қолдағаны  жөн. Мысалы, егер біреу оны (диетаны) сақтамаған жағдайда екіншісі қадағалап тұру тиіс.

8. Тамақты аз-аздан дайындаған дұрыс. Бұл адамды мөлшермен ішуге үйретеді.

9. Егер үйіңізде ас үй болса, дастарханды сол жерде дайындаңыз. Тағы ішкісі келетіндердің  ас үйге қайта барғысы келмеуі де мүмкін.

10. Тамақ ішу уақытын созыңыз. «Жыланның  басы қайтуы» туралы сигнал миға тамақ ішкен соң  20 минуттан кейін ғана жететінін ұмытпаңыз.

Дереккөз: NUR.KZ

С. Ерсін