Арықтау жайлы 7 аңыз

Арықтау жайлы 7 аңыз

Артық салмақтан арылу жайлы көптеген пікірлерді естіп жатамыз. Бірақ қайсы шындыққа сай?

1. «Тез арықтасаң – дәл солай тез арада салмақ қосып аласың». Бұл шындық. Салмақ біресе түсіп, біресе қосылып тұруы ағзаға зиян. Бір айда 1-2 килограмм тастау қалыпты деп есептеледі. Кеңес: егер сәл де болса салмақ тастаған болсаңыз, әрі қарай арықтауға тырыспай, сол салмақты сақтап тұруға тырысыңыз. Егер қолыңыздан келсе, әрі қарай арықтауды жалғастырыңыз.

2. «Физикалық жаттығуларға қарағанда диета тиімді». Бұл тұжырым ақиқатқа сай емес. Диетаға отырып, физикалық жаттығулармен айналыспау немесе жаттығу залында тер төгіп, кешкі аста қуырылған картоп және бәліштермен қарныңызды тойдырсаңыз, онда арықтау жайлы ұмытқаныңыз жөн.

3. «Арықтаудың бір жолы – аз тамақ жеу». Бұл қулық та іске аспайды. Кеңес: өз порцияңызды білетін шығарсыз, яғни, тәрелкеге қанша жей алатыныңызды салыңыз да, үштен бірін алып тастаңыз. Егер кешкі ас болса – жартысын.

4. «Нан жемеу». Бұл тұжырым да аңыз. Күніне бірнеше тілім қара нан немесе диеталық нан - пішініңізге онша әсер ете қоймайды.

5. «Жаңа піскен көкөністер мен жемістер тоңазытылғандардан жақсы». Олай емес. Егер өнімдерді қосымша тоңазытпай, дұрыс сақтаса олар дәрумендерінен айрылмайды. Мүмкіндік болса, әрине, жаңа піскен жеміс-жидектерді жеңіз, ал басқа кездері тоңазытылғаннан еш зиян жоқ.

6. «Майлы тамаққа «жоқ» деңіз!» Мүлде бас тартуға да болмайды. Майда бірнеше дәрумендер бар, оларсыз Е, Д, А дәрумендерінің тапшылығы болуы мүмкін.

7. «Тағамға дәмдеуіш қосыңыз». Бұл рас. Мысалы, жанжабіл тамыры және күнзе зат алмасуды тездетеді, ал бұл өз кезегінде арықтауға мүмкіндік береді. Карри болса тәбетті басып, май жасушаларының көбеюін баяулатады.

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina