Арықтауға кедергі келтіретін ас-ауқат

Арықтауға кедергі келтіретін ас-ауқат
Фото: xn---1-6kcdawxognnhb5d7a.xn--p1ai

1. Артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға ең алдымен шай мен кофені қантсыз ішіп үйрену керек. Сонымен қатар пакеттелген жеміс шырынын тұтынудың қажеті жоқ. Өйткені олардың құрамында қант мөлшері көп болады. 

2. Картофель жас әрі қуырылған болса ғана ағзаңызға пайдалы. 

3. Ақ нан, пирог, торт, тоқаш секілді ұннан жасалған тағамдардан бас тартуға тура келеді. 

4. Майлы ет, балық, шұжық сияқты тағамдар семіртіп қана қоймайды, ағзаңызға да зиянын тигізеді. Сондықтан ет өнімдерін анда-санда аз мөлшерден тұтыну керек. 

5. Таңғы асқа тез дайын болатын ботқаларды жемей-ақ қойыңыз. Себебі оның құрамында бос көмірсулар көп. Аз уақыттан соң қайтадан қарныңыз ашады. 

6. Майлы еттен және тауықтан дайындалған сорпалардың холестирині көп болады. 

7. Майбалық, кептірілген балық, майлы консервілер. Бұл өнімдерді ас мәзіріңізден мүлдем алып тастаңыз.

8. Кілегей майының құрамында калория мен май мөлшері өте көп. Алайда дәрігер мамандар одан біржола бас тартуға болмайтынын айтады. Өйткені бұл майда А, D, Е, РР дәрумендері және В тобындағы дәрумендер, майлы қышқылдар, көмірсулар, ақуыздар, калций, калий, темір, магний, марганец, натрий, фосфор, мырыш, мыс секілді пайдалы элементтер бар. Ал бұл заттарсыз сіздің теріңіз, шашыңыз, тырнағыңыз әдемі көрінбейді. Ең бастысы кілегей майын мөлшерімен тұтыныңыз. Мысалы, аптасына 10 грамм жеткілікті. 

9. Майонездің де құрамында холестирин мөлшері көп. Сондықтан майонезді дүкеннен сатып алмай, өзіңіз үйде жасап үйреніңіз. 

10. Қытырлақпен және барлық фастфуд түрімен қош айтысыңыз. Сонда сіз алға қойған мақсатыңызға жетесіз. Артық салмақтан арылып, әдемі көріну өзіңіздің қолыңызда. Ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастағаныңыз жөн. Іске сәт!

Ж. Исакаев