Ағзаны тазарту теріңізді жасартады

Ағзаны тазарту теріңізді жасартады

Сүйікті баспанамызды тазарту - біз үшін дағдыға айналған іс. Ал ағзаңызды дәл осылай тазалайсыз ба?

Дәрігерлер анда-санда ішкі құрылысты тазалап тұрудың қажеттігін айтады. Бетіңізді безеу басып бара жатыр ма немесе аллергия мазаңызды алып жүр ме, проблеманы ішкі құрылысыңыздан іздеңіз.

Сонымен ағзаны қалай тазалау қажет?

1. Күніне міндетті түрде 1,5–2 литр су ішу керек. Сонымен қатар көк шай, фито шайлар ішу (әсіресе майлы тамақ жегеннен кейін), жемістер мен көкөністерді жақсылап жуып жеуді әдетке айналдырғаныңыз жөн. Алайда сақтық шараларын да ұмытпаған абзал. Мысалы, қан қысымы төмен кісілерге көк шайды көп ішуге болмайды.

2. Кәдімгі белсендірілген көмірді ашқарынға бір стақан газдалмаған минералды сумен бір аптадай ішіп жүріңіз. 1 таблетка 10 кг үшін, мысалы, салмағыңыз 50 кг болса, сіз 5 таблетканы бірден ішесіз. Таңғы асты 1–2 сағаттан соң ғана ішуіңізге болады. Бұл күндері майлы тағамдардан бас тартқаныңыз абзал.

3. Дәстүрлі әрекет. Ата-анамызға ұнайтын әдет – жатарда айран, қатық ішу. Оны диетологтар да мақұлдайды. Айран денесі ісініп кететін, сондай-ақ қан қысымы жоғары адамдарға да өте пайдалы.

4. Хош иісті ванналар қабылдаңыз. Бұл туралы мақала бұрын сайтымызда жарық көрген. Терідегі жиналған зиянды токсиндерді шығарып, тазартады.

5. Моншаға барыңыз. Ыстық булы моншада терлеу арқылы ағзаңыздағы зиянды нәрселерден (шлак, токсин) арыласыз.

6. Уақытыңыз бен қаржыңыз болса, әрине арнайы SPA салондарға барып, кәсіби мамандардың көмегіне жүгіне аласыз.

Сурет: expertbeacon.com

Оқи отырыңыз:

Ішек тазалаудың әдістері

Ғұмырым ұзақ болсын десеңіз...

Медитацияның қандай пайдасы бар?

Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN