Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Халық емі. Қой терісіне түсіру

Халық емі. Қой терісіне түсіру

Халық емі. Қой терісіне түсіру

Көшпенді қазақ өмірі табиғаттың әр алуан құбылыстарын басынан өткізген. Жатын орынның ылғал болуынан, қысқы суықтың ызғарынан және осы табиғи ортаның қысымынан қорғану жабдықтарының аз болуынан жасы егде тартқан адамдар жел-құз, құяң сынды ауруларға душар болып жатады. Қазақ емшілері осы науқастарды ауруынан айықтыру үшін түрлі ем жасаған. Солардың бірі – қойдың терісіне түсіру.

Ем жасау барысында семірген еркек қойды немесе ту қойды таңдап алып, терісін бітеу сояды. Сосын, күзде піскен ерменді бүрімен қоса қайнатып, оның нілін терінің ішіне құятын болған. Кезегімен науқас адамды шешіндіріп, мойнынан бастап, аяғына дейін қой терісімен орап, жылы жауып, 2-3 сағат жатқызады. Уақыты болған соң адамды тазалап жуындырады. Қой терісіне түскен адам өзін жылы ұстап, сорпаланып, бірнеше күн күтінуі керек болған. Бұл қара емнің адам денесіндегі, буындардағы желді, сарсуды алуда, буындардың қақсауы мен сырқырап ауруын емдеп жазудағы өнімі айрықша болған.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wilderness.net

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 08 сәуір 2014, 17:18
Пікірлер
+0
08 сәуір 2014, 19:39

7-8-сыныптарда оқып жүрген кезде болу керек, менің аяғым қақсап болмаған соң, осы халық емімен де емдеп көрген үйдегілер. Нәтижесі болды 1 жыл. Одан соң құрып қалғыр аяқ менің жанымды бүгінгі күнге дейін жеп келе жатыр. Айтайын дегенім, осы ем кезіндегі әсерім екі жақты болды: жиіркенішті және қорқынышты, ал кенішісі -теріден шыққан соң теріңіз жаңа туылған сәбидікіндей жұп-жұмсақ, нәзік болып шыға келеді. ауруды да жояды. бірақ мағана жасалағн ем ұзаққа бармады.

+0
09 сәуір 2014, 09:33

Негізі бұрынғы кездегі ем-домдар қазіргіге қанағанда анағұрлым тиімді секілді көрінеді маған. Рахмет жазбаңа!

+0
09 сәуір 2014, 10:14

Суық тиген кезде солай ететінбіз деп апам айтатын бұрын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.