Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Самырсын эфир майын қалай қолданамыз?

Самырсын эфир майын қалай қолданамыз?

Самырсын эфир майын қалай қолданамыз?

Самырсын эфир майын немесе самырсын майын ақ, қара самырсынның қылқанынан, жас бұтақтарынан және бүршіктерінен дистилляция жолымен алады. Самырсын  – қарағай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Осы тұқымдасқа жататын басқа да ағаштар секілді самырсын тек таза ауада және өндірістік қалдық жоқ жерде өсе алады, сәйкесінше, самырсын эфир майы – экологиялық таза өнім. Ендеше, самырсын майының денсаулыққа қолдану әдістерін ұсынамыз.

Самырсын майы – балғын шайырлы-қылқан жапырақты хош иісі бар түссіз немесе сарғыш-жасыл сұйықтық. Бұл май медициналық камфараны синтездеуге арналған шикізат болып табылады. Өзінің жоғары биологиялық белсенділігінің арқасында самырсын майы косметикалық, емдік, залалсыздандыратын және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.

Самырсын майымен тұмауды емдеу

Самырсын майымен жасалатын ингаляция мен ароматерапия тұмау ауруларының тарау кезінде және ангина мен бронхитті емдеуде жақсы көмектеседі. Онымен кеңістікті тазартады. Булы ароматерапияны ұнататындарға оны моншада жасауға болады: бір бақыраш суға самырсын эфир майының 1-2 тамшысын тамызыңыз.

Самырсын эфир майымен жасалатын булы ингаляциялар тыныс алу жүйесін жылдам әрі тиімді тазартады және жөтелдің жылдам кетуіне ықпал етеді.

Самырсын майымен тері жараларын емдеу

Самырсын майы күрделі жараларды дезинфекциялайды және кей жараларда ірің пайда болуының алдын алады. Самырсын эфир майының құрамына 35 түрлі элемент кіреді. Олар тері құрылымын қалпына келтіруге көмектеседі және теріні пайдалы микроэлементтермен қоректендіреді. Самсырсын эфир майын пайдалы ерітілген майлармен араластыру арқылы тері ауруларына арналған емдік жақпа май алуға болады.

Самырсын майымен тіс емдеу

Самырсын майы өзінің пайдалы қасиеттерінің арқасында тіс ауруын жылдам басуға қолданылады. Ол үшін мақтаны немесе дәкені майға батырып, ауырып тұрған тіске басып, 10 минут ұстайды. Осы процедураны шамалы уақыттан соң қайталаңыз.

Самырсын майымен ванна қабылдау

Моншаға баруды ұнатпайтын адамдар үйде самырсын эфир майымен ванна қабылдауға болады. Ыстықтау ваннаға бірнеше тамшы самырсын эфир майын тамызып, онда 15 минут жатыңыз. Мұндай ванна жүйке жүйесін тыныштандырады, шаршағанды басады, күш сыйлайды және иммунитетті бекітеді. Сонымен қатар, мұндай ваннаны уақытылы қабылдау тері тонусын жоғарылатады. Осындай ваннадан соң жақсы ұйықтайсыз.

Ескерту: Самырсын эфир майын жүкті әйелдерге және самырсынды дәріні көтере алмайтын адамдарға қолдануға тыйым салынады. Самырсын майымен емделу кезінде және одан екі күн бойы алкоголь ішуге болмайды. Самырсын майын қараңғы жерде сақтаған жөн.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: tiu.ru
Қосылған күні: 29 сәуір, 13:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.