Дәрігер қалқанша без проблемасын анықтауға көмектесетін қарапайым әдіс ұсынды

Дәрігер қалқанша без проблемасын анықтауға көмектесетін қарапайым әдіс ұсынды
Фото: ru.freepik.com

Қалқанша без патологиясының белгілерін басқа аурулармен шатастырып алу оңай. Сондықтан оның бастапқы кезеңінде адамдар эндокринологқа сирек қаралады. Қалқанша безбен бәрі дұрыс екенін қалай білуге болады?

Ол - кішкентай, бірақ өте маңызды орган. Ересек адамның қалқанша безінің салмағы шамамен 12-25 грамм ғана, бірақ ол иммунитетке, ұрықтылыққа, зат алмасуға, жүрек және қимыл-тірек аппаратына әсер етеді.

Ғаламторда қалқанша без патологиясын қарапайым қағаз көмегімен анықтауға болатын тест жайлы кең тараған. Ол үшін алақаныңызды төмен қаратып, бір қолыңызды алға созасыз және оның үстіне бір парақ қағазды қоясыз. Егер қағаз қозғалса, онда қолыңыз дірілдейді деген сөз. Ол гипертиреоз белгісі болуы мүмкін. Бұл қалқанша без өте көп тиреоидты гормондарды бөлетін патология. Бұл кезде ағзадағы көп процесс жылдамдайды. Мысалы, зат алмасу жылдамдайды, сондықтан адам жылдам арықтайды. Жүрек жылдам соғады, сондықтан күйгелектік пайда болады.

Тесттің тағы бір түрі: екі қолды да алға созып қарау. Егер қалқанша без проблемасы болса, қолдарыңыз дірілдейді. Мұны қандағы қант дейгейінің төмен болуымен байланыстырады.

Алайда мұндай диагностикаға сенуге бола ма? Бұл жайлы эндокринолог Олег Хохунов айтып берді.

"Қол қант төмен болғанда ғана емес, сондай-ақ түрлі неврологиялық аурулар кезінде дірілдеуі мүмкін. Сондықтан қолдың дірілдеуі тиреотоксикозды (гипертиреоздың дұрыс атауы) көрсетеді деу дұрыс емес", - дейді Олег Хохунов.

Эндокринологтың айтуынша, қалқанша без проблемасының бар-жоғын тексерудің басқа қарапайым әдісі бар.

"Қалқанша без гормондарына қан тапсырыңыз. Бастапқыда ТТГ деңгейін тексеру және оның нәтижесімен эндокринологқа қаралу жеткілікті", - деп кеңес берді маман.

Оқи отырыңыз: "Етеккір циклінің бұзылуы". Қалқанша безі ауруының белгілері қандай?

А. Жапатова