"Етеккір циклінің бұзылуы". Қалқанша безі ауруының белгілері қандай?

"Етеккір циклінің бұзылуы". Қалқанша безі ауруының белгілері қандай?
Фото: ru.freepik.com

Қалқанша без адам денесіндегі органдар мен тіндердегі барлық зат алмасу процестеріне жауап береді. Қалқанша без гормондарының деңгейі үнемі қалыпты болуы керек. Егер ауытқулар болса, қалқанша без аурулары дамиды. Оның белгілері қандай? 

Оны ерекше пішіні үшін қалқанша без деп атайды: ол көбелекке ұқсайды. Адамның өмірінде қалқанша бездің өлшемі өзгеруі мүмкін. Оған өмір сүру салты, тамақтану, күйзеліс, экологиялық жағдай және басқа да факторлар әсер етеді. Қалыпты жағдайда бұл органның салмағы 20-30 г болады.

Ағзаның эндокринді жүйесінің басқа да бездері секілді қалқанша бездің басты міндеті - гормондар өңдірісі. Қалқанша безде йод жиналады және жеке мүшелердің қалыпты өсуі мен дамуына, сүйек тініндегі зат алмасу процестерін реттеуге, ақуыз синтезіне және эритроциттердің түзілуіне қатысатын йодтирониндер синтезделеді. Сондықтан да қалқанша без жұмысының бұзылуы бүкіл ағза үшін жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.

Қалқанша без ауруларының пайда болу себептері

Соңғы жылдары қалқанша без ауруы жиі кездеседі. Оған жиі әйелдер шалдығады. Жүктілік, гормонды жаңылыс, етеккір кідірісі және күнделікті күйзелістер қалқанша безге және оның қалыпты жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бірақ бастапқы стадиясында анықталған көпшілік ауру сәтті емделеді. Бастысы, оның белгілеріне мән беріп, уақытында қаралу керек.

Қалқанша без ауруларының белгілері

Қалқанша без ауруларының мынадай белгілері болуы мүмкін:

- Созылмалы шаршаңқылық, көңіл күйдің құбылмалдылығы, депрессия;
- Термореттеу процесінің бұзылуы. Мысалы: ыстықтау немесе тоңа беру;
- Етеккір циклінің бұзылуы;
- Дене массасының өзгеруі. Бірден салмақ тастау немесе салмақ қосып алу;
- Тамақ тұсында жағымсыздық сезу. Жұтынғанда тамағыңыз ауырады, даусыңыз өзгеріп кетті немесе тамағыңызда бірдеңе тұрғандай сезіледі;

Бұл айтылған белгілердің біреуі немесе барлығының пайда болуы - эндокринолог дәрігерге қаралуға себеп. Дұрыс емделмеу немесе мүлдем емделмеу оның асқынып кетуіне әкеледі.

А. Жапатова