Үйде зең пайда болғанын көрсететін денеңіздегі 5 белгі

Үйде зең пайда болғанын көрсететін денеңіздегі 5 белгі
Фото: ru.freepik.com

Терезелердің айналасындағы және қабырғалардағы көгерген және қарайған жерлер – зеңнің айқын белгісі. Алайда кейде ол үйдің көзге көрінбейтін бұрыштарын басады. Сондықтан сіз ол жайлы білмеуіңіз мүмкін. Алайда ағзаңыз оған әсер беруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Аллергия

Зең шығаратын уытты буланған заттар ағзаға тері, мұрын және ауыз арқылы кіреді. Зең әсіресе аллергиямен қиналатын адамдар үшін қауіпті. Мұрныңыз бітеледі, көзіңіз қызарады және жасаурайды, тамағыңыз қышиды. Зеңге аллергияның белгілері маусымдық аллергияға ұқсайды.

Жазылмайтын тұмау

Кейде ағзаның зеңге деген әсерін тұмаумен шатастырып алу оңай. Мысалы, Aspergillus  жоғары аэробты зең саңырауқұлақтары мұрын қуысында қабыну тудырып, саңырауқұлақты синуситке әкеледі. Адамды мұрынның бітелуі мазалайды және ол қайта-қайта түшкіре береді. Оған қоса, басы ауыра беруі мүмкін. Қайтадан салқын тиіп қалған секілді көрінеді. Ал негізінде үйде бір жерде зең пайда болған болуы мүмкін.

Тыныс алу проблемасы

Қауіпті жағдайда зең демікпе және тыныс алу проблемасын тудыруы мүмкін. Мысалы, Цинциннати университетінің ғалымдары 2012 жылы зерттеу жүргізіп, зеңі бар үйде өскен балалар 7 жасқа қарай демікпеге шалдығатынын анықтаған.

Тері проблемасы

Зең қабырғалар мен жиһазға ғана емес, киімге де қона алады. Сол үшін тері тітіркенеді және қышиды. Сондықтан сүлгіні дұрыс кептіріп, жиі ауыстырып тұру керек. Киімдерді жуғаннан кейін үйдің ішінде емес, балконда кептірген дұрыс.

Үнемі шаршап жүру

2013 жылы АҚШ ғалымдары созылмалы шаршаңқылықпен қиналатын адамдардың зәрін тексерген. Микотоксиндерге зерттеу нәтижесінде 93% науқастың зәрінде ең болмағанда бір токсин табылған.

Үйдегі зеңнен қалай арылуға болады?

  • Үй ішіндегі ылғалдылықты (60%-дан жоғары емес) бақылаңыз.
  • Үйді жиі желдетіңіз. Тамақ пісірген кезде ауа сорғышты қосуды ұмытпаңыз.
  • Жуынатын бөлме мен дәретхананы жиі тазалап жуыңыз. Саңырауқұлақтың алдын алатын құрал қолдануға болады.
  • Егер резеңке кілемшелерде немесе жуынатын бөлмедегі жапқышта қарайған жерлер пайда болса, оларды бірден лақтырыңыз.
  • Егер зең қатты өсіп кеткен болса немесе аллергиясы бар адам болсаңыз, оны өзіңіз тазаламаңыз. Оның орнына кәсіби тазалаушыларды шақырыңыз.

Оқи отырыңыз: Онколог асқазан қатерлі ісігінің пайда болу себептерін айтты

А. Жапатова