Онколог асқазан қатерлі ісігінің пайда болу себептерін айтты

Онколог асқазан қатерлі ісігінің пайда болу себептерін айтты
Фото: ru.freepik.com

Асқазан қатерлі ісігі – қауіпті онкологиялық ауру. Ол бастапқы кезеңде еш белгісіз өтуімен қауіпті. Онколог Беслан Балкаров асқазан қатерлі ісігінің пайда болу себептерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru"-ге сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, оның жиі кездесетін себебі – генетикалық бейімділік. Яғни, адамның жақын туыстарында (ата-әжесі, ата-анасы) асқазан қатерлі ісігі болған болса, ауру ген арқылы берілуі мүмкін.

"Бұл аурумен тікелей немесе жанама байланысты бірнеше тұқымқуалайтын патология бар: диффузды асқазан қатерлі ісігі CDH1 геніндегі мутация себебінен дамиды, бұл аурудың даму қаупін 80%-ға арттырады; полипозды емес колоректальды қатерлі ісік (HNPCC) MLH1 немесе MSH2 гендерінің мутация себебінен дамиды; асқазан проксималды полипозы (асқазандағы көптеген полиптер)  APC генінің мутациясы себебінен пайда болады", - дейді Беслан Балкаров.

Дәрігер қауіптің тағы бір факторына асқазанды Helicobacter pylori бактериясының жаулап алуын жатқызды.

"Helicobacter pylori бактериясы – денсаулыққа ең қаупті бактерияның бірі. Ол асқзанның ішқақпа бөлігінде өмір сүреді. Агрессивті қышқыл ортада оның өміршеңдігі артады және ол асқазан шырыштысын үзідіксіз зақымдайды. Нәтижесінде асқазандағы бактериялардың тіршілігі дамып, бастапқыда қарапайым асқазан-ішек жолы аурулары, оның салдарынан асқазан қатерлі ісігі пайда болуы мүмкін", - деп ескертті маман.

Онколог сондай-ақ асқазан қатерлі ісігінің даму қаупін қақталған, қуырылған, тұзды, ащы және консервіленген өнімдерді көп жеумен байланыстырды. Ол мысал ретінде ащы және көмірсулы тағамды көп жейтін Жапония тұрғындарын келтірді. Бұл елде асқазан қатерлі ісігі онкологиялық аурулар ішінде бірінші орында тұр. Сонымен қатар тамақтану тәртібін сақтамау, артық тамақтану, толыққанды тамақтанудың орнына жылдам тіскебасарлар жей салу асқазан жұмысын бұзады, нәтижесінде қатерлі ісктің дамуына әкелуі мүмкін.

Онколог Беслан Балкаровтың айтуынша, тағы да бір қауіп факторы – тамақтағы канцерогендер. Оның айтуынша, көкөністер, жемістер, қақталған өнімдер, сыралар, ірімшіктер және басқа да өнімдердегі түрлі нитриттер мен нитраттар денсаулыққа қауіпті. Олар ерекше химиялық белсенділікке ие, сондықтан олар асқазан шырышты қабығы жасушаларының бүтіндігін бұзып, сау жасушаларды қатерліге айналдыруы мүмкін.

"Алкогольді сусындар мен темекі де асқазан-ішек жолдары онкологиясының пайда болуына себеп бола алады. Этиль спирті мен темекідегі уытты канцерогендер асқазанда жедел эрозиялық процестер тудырады, ал ол уақыт өте асқазан қатерлі ісігіне айналуы мүмкін", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы 2 белгісі

А. Жапатова