"Ояныпты". Ауыр халде жатқан Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы белгілі болды

"Ояныпты". Ауыр халде жатқан Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызының қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жазды. Бұған дейін ол Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқанын айтқан еді.

"Аллаға шүкір. Субһан Аллаһ. Құрманайымыз ояныпты. Алла осы мықтылығынан айырмасын, Құрмашым. Бала-шағаңа, ата-анаңа аман-есен, он екі мүшең сау болып, қосылуыңды нәсіп етсін Аллам", - деп жазды әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова