Ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр

Ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр
Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Алла шипасын берсін, Құрманайым! Құрманай Бақтиярқызына дұға жасап қойыңыздаршы, қымбатты менің оқырмандарым! Құрманай қыздарыңыз ауыр халде жатыр. Алла шипасын берсін, Құрманайым, - деп жазды Жорабаева.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек