"Актер сияқты". Солтүстікке отбасымен бірге көшіп барған оңтүстік тұрғыны көпті тәнті етті

"Актер сияқты". Солтүстікке отбасымен бірге көшіп барған оңтүстік тұрғыны көпті тәнті етті
Фото: Ернар Алмабек

Танымал фотограф Ернар Алмабек солтүстікке сапарында отбасымен осы өңірге көшіп барған Бурахан Дақанұлын суретке түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бурахан Дақанұлының айтуынша, Петропавлдың атын ауыстыру мәселесінде қазақтардың солтүстік өңірге көшуі маңызды.

"Оңтүстік көшіп келдім. Солтүстікте адам аз, қазақ одан да аз. Отанымыздың солтүстіктегі, теріскейдегі шекарасы бос қалмасын деп, осы жақтағы босап қалған ауылдар құрып кетпесін деп бала-шағаммен осы жақтағы қазақтың санын арттырайын деп келген едім. Қазір, міне, Құдайға шүкір 4 баламмен, әйеліммен, өзіммен 6 қазақ қосып отырмын", - дейді видеода ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

"Оңтүстіктен солтүстікке отбасымен үлкен миссия арқалап көшіп барған кезекті һәм ерекше кейіпкерім - Бурахан Дақанұлы. Елін ойлаған ер екенсің. Ризамын!" - деп жазды Ернар Алмабек.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеодағы кейіпкерге риза болып, жылы лебізін жазды.

"Тау адам деген осылар ма?", "Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын. Тау тұлғалы осындай қазақтың жігіттері аман болсын", "Актер сияқты", "Түрі атып шыққанда экранның ар жағынан "селк" ете қалдым. Сұсты екен", "Кейіпкеріңіз атына заты сай, нағыз Қазақ азаматы екен", "Тамаша. Нағыз мықты, нағыз еліне жанашыр адам", - деп жазды олар.

Еске салайық, бұған дейін есек мініп, көкпар тартқан балалар жұртты сүйсінткені хабарланды. Бұл көріністі де танымал фотограф Ернар Алмабек әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова