"Осылай ойнап жүргенге не жетсін?" Есек мініп, көкпар тартқан балалар жұртты сүйсіндірді

"Осылай ойнап жүргенге не жетсін?" Есек мініп, көкпар тартқан балалар жұртты сүйсіндірді
Фото: Видео кадры

Желіде есек мініп, көкпар тартқан балалардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Танымал фотограф Ернар Алмабек әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Онда көкпар тартып жатқан бір топ бала бейнеленген. 

"Балалар ауыл шетінде ойнап жүр екен. Естелік болсын деп суретке түсіріп алдым", - деп жазған фотограф. 

Балалардың айтуынша, Әлхан есімді бала көкпарды қазандыққа салып үлгерген. Әлихан, Бексұлтан, Ернұр, Бекзат, Әлинұр есімді балалар қапқа қойдың жүнін салып алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

Желі қолданушылары балаларға сүйсініп, жылы лебіздерін білдірген. 

"Есектің арманы көкпарға түсу емес пе? Сол секілді бұл видеоның тақырыбын "Есектің арманын орындаған балалар" деп атайық", "Қандай шынайы тап-таза бала көңіл", "Ауылды, балалық шақты сағынып кеттім ғой", "Телефон ұстап телміріп отырғаннан, осылай ойнап жүргенге не жетсін", "Қандай мықты ауыл балалары, есімдері де нағыз қазақи. Нағыз азаматтар өсіп жатыр, осыдан айырылмасын", "Ауылдың әлемі бөлек қой, шіркін! Алла қаласа осы балдырғандарымыз келешекте үлкен азамат болсын, қазақтың ұлттық көкпар құрамасында болып, қазақтың намысын қорғасын,әумин!", "Қандай керемет көрініс, осыны байқа, ел жұртқа көрсетіп жүргеніңізге рақмет", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек