"Он шақты әйелге күдік түсіп тұр". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласына қатысты жаңа дерек жарияланды

"Он шақты әйелге күдік түсіп тұр". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласына қатысты жаңа дерек жарияланды
Фото: Фотоколлаж

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан Арқалыққа барған сапарындағы жаңалықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

 "Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапардың басты мақсаты - қылмыстық іс қозғалды. Он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде қылмыстық іс зерттеп аяқталмайынша барлық мәліметтерді жариялауға құқым жоқ. Осы орайда көмек қолын созған Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлына, қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Тумырзаұлына, басқа да полиция қызметкерлеріне, әріптесіміз Бағдат Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы