"Жіптің бір ұшы шыққан сияқты". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасына қатысты тағы бір тың деректі бөлісті

"Жіптің бір ұшы шыққан сияқты". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасына қатысты тағы бір тың деректі бөлісті
Фото: Фотоскрин

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда Жәнібек өзінің ауыстырылған болуы мүмкін екенін айтып, тағы бір тың дерекпен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өзінің ауыстырып жіберуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

"Қолда бар мәліметті қорытсақ, мені ауыстырып жіберген сияқты және мен құжатта жазылған Жәнібек те болмауым мүмкін...Алғашқыдай емес, жіптің ұшы шыққан сияқты! Енді... мен оның, ол менің аты-жөніммен өмір сүріп жүрген баланы іздейміз", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін "Жәнібек туған жеріне қайта келеді". Бельгиялықтар асырап алған баланың анасы болуы мүмкін әйелдің екінші ДНҚ нәтижесі шыққаны туралы жарияланған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы