"Жәнібек туған жеріне қайта келеді". Бельгиялықтар асырап алған баланың анасы болуы мүмкін әйелдің екінші ДНҚ нәтижесі шықты

"Жәнібек туған жеріне қайта келеді". Бельгиялықтар асырап алған баланың анасы болуы мүмкін әйелдің екінші ДНҚ нәтижесі шықты
Фото: Фотоколлаж

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жақында  болжамды ананың бірі екінші рет ДНҚ нәтижесін күтіп жүргенін айтқан еді. "Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында 2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанған әйел табылғанын, алайда ол Жәнібектің анасы емес екенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қымбат Досжан Жәнібектің туған жеріне тағы келетінін айтты. Алайда екінші рет тапсырылған ДНҚ нәтижесі бойынша қорытынды 0 пайызды көрсеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kymbat Doszhan (@kymbatdoszhan)

"Бармысың, бауырым?" хабары редакциясының зерттеулері нәтижесінде, "Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін" деген келіншекті ДНҚ сараптамасын жасауға көндіргенімізді, зерттеу нәтижесі теріс шыққанын өздеріңізге 28 желтоқсан күні тікелей эфирде жарияладық. Нәтижеге дейін, "Жазира" деген келіншектің табылғанын, ол өзінің 2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанғанын, ұлды болғанын, 4 күннен кейін қолхат жазып кеткенін, тіпті өзінің аты-жөнін өтірік айтқанын да мойындап отыр. ДНҚ нәтижесіне сенімді болу үшін басқа клиникаға, яғни ҚР Әділет министрлігі Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтынан қан құрамы бойынша зерттеу жүргізуді сұраған едік. Қорытынды қолымызға тиді. Екінші нәтиже бойынша да Жазира Жәнібектің биологиялық анасы емес, қорытынды: 0 %. Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар. Өйткені Жәнібектің анасы деп көрсетілген, өз қолымен қолхат жазып кеткен және бүкіл оқиғаны мойындап отырған әйел табылды!", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, "Қазақ радиосы" редакциясы зерттеу жұмысы барысында Арқалық қаласының Жедел медициналық жәрдем стансасының 2002 жылғы қаңтардың 16-17 күндері қай мекенжайға барып, перзентханаға қанша жүкті әйелді апарғаны жөніндегі мәлімет сұрап, ресми хат жазған.

"Өкініштісі, ондай мәлімет жоқ, "Заң бойынша ол мәлімет 2 жыл ғана сақталады" деген ресми жауап келді. Дегенмен, зерттеу жұмысы жалғасады."Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы жақын күндері арнайы Арқалыққа жолға шығады. Осы оқиғаға қатысты маңызды мәлімет білетін адамдар болса, құпия түрде қабылдаймыз, whatsapp: 8-771-321-97-86, Әсел", - деп жазды Қымбат Досжан.

Пост және суретті редакция Қымбат Досжанның рұқсатымен жариялады

Еске салайық, бұған дейін "Әр қазаққа бауыр екенімді түсіндім". Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы жантебірентер жазба жарияланғаны туралы айтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы