"Сүйіншілейтін күнімді күтіп жүрмін". Алтынай Жорабаева отбасылық ерекше суреттерін жариялады

"Сүйіншілейтін күнімді күтіп жүрмін". Алтынай Жорабаева отбасылық ерекше суреттерін жариялады
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде отбасылық суретін жариялап, сәбиін күтіп жүргенін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Баршаңызды келе жатқан жаңа 2024 жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл құтымен, берекесімен келсін. Әр шаңыраққа Алла бақ, береке, иман байлығын, денсаулықтың байлығын, дүниенің байлығын берсін. Алла қаласа 2024-те отбасымызға Әлішерұлы немесе Әлішерқызы қосылады. Дені сау, ғұмыры ұзақ болатын бөпе келсін ең бастысы. Балапаным осы 2023 жылды өткізіп, 2024-те дүниеге келеді-ау деп отырмын. Сіздерге сүйіншілейтін күнімді мен де күтіп жүрмін. Алла сол күнге аман-есен жеткізсін", - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі.

"Неткен ғажайым көрініс", "Қыздарыңыз өте сұлу екен! Алла тіл көзден сақтасын!", Екі дүниенің бақытын берсін, бөпеңді аман есен қолыңа ал", "Жаңа жылыдарыңызбен! Жаңа бақыт, шаттық пен мол ризық тілеймін", "Ұл табыңыз!" - деді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова