"Емін таба алмады". Актер Жахан Отарғалиев сырқаты туралы айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев біраз уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл ауруына Қазақстаннан да, Қытайдан да емін таба алмаған. 

 "Дәл қазір қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтаттым. Енді Ыстамбұлға бара жатырмын"  - деп жазды актер.

Еске салайық, бұған дейін Балжан Бидашпен ажырасып кеткен Жахан Отарғалиев өміріндегі басты жаңалығы туралы жарияланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!