"Алматыдан үй сыйлады". Балжан Бидашпен ажырасып кеткен Жахан Отарғалиев өміріндегі басты жаңалығын айтты

"Алматыдан үй сыйлады". Балжан Бидашпен ажырасып кеткен Жахан Отарғалиев өміріндегі басты жаңалығын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Актер Жахан Отарғалиев үйлі болғанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бұл үйді ағалары сыйға тартқан.

"Ең басты жаңалық. Нұрболханның ұрысы естеріңізде ғой, "не үйің жоқ" дегені. Менің жанашыр ағаларыма тиіп кеткен сияқты. Алматыдан үй сыйлады. Ол туралы бұйырса нақты айтатын боламын.  ...Аллахым менің барша жанашыр достарымды қуантса екен", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Жахан Отарғалиев үйін сатып, фильм түсіргенін айтты. Сондай-ақ, ол кинодан қанша табыс тапқанын әңгімеледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова