Есте сақтауды қалай жақсартуға болады? Психолог кеңесі

Есте сақтауды қалай жақсартуға болады? Психолог кеңесі
Фото: ru.freepik.com

Психолог Ольга Зродникова есте сақтауды жақсартудың бірнеше әдісін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Gazeta.ru"-ге сілтеме жасап.

Маман бірінші әдісті қызанақ өсірумен салыстырды, себебі есте сақтауға да өсімдіктерге секілді нақты шарттар мен уақыт қажет.

"Біздің есте сақтауымызға да жетілуге мүмкіндік беру керек. Асықтырмай, жылыжайдағы қызанақтарға секілді шарт жасау керек: жүйелі түрде суарып, құнарландыру қажет. Егер қандай да бір әрекетті, сөзді немесе процесті жеткілікті түрде қайталамасаңыз, нашар есте сақтауға шағымданбаңыз", - дейді психолог.

Әр адамның миы әртүрлі, әркімде даму бағдарламасы да әртүрлі, алайда шыдамдылық білдірсеңіз, ол "жемісін" береді.

Екінші әдіс – "флеш-жадыны" тазарту. Егер есте сақтауды компьютерлік жүйелермен салыстырсақ, адам алатын ақпарат флеш-жадының рөлін ойнайтын гиппокампта сақталады. Осылайша, күнде жаңа ақпарат бес сенсорлық жүйе (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және сезім түйсігі) арқылы жинақталады да, түнде ұзақ мерзімді есте сақтауға жазылады.

"Әрине, барлық ақпарат емес. Тек қажет, пайдалы, құнды деп саналатын ақпарат ғана жазылады. Таңертең ұйқыдан жақсы оянып, оперативті есте сақтауыңыз таза болып тұруы үшін қалғанының бәрі тазартылады", - дейді Ольга Зродникова.

Қандай да бір ақаратты сақтап қалу керегін миға жеткізудің екі әдісі бар. Бірінші әдіс - қажет ақпараттарды эмоциялармен бояу, екінші әдіс - оны көп қайталау.

Оқи отырыңыз: Баланың есте сақтау қабілетін қалай жақсартамыз – маман жауабы

А. Жапатова