Педиатр сүт қосылған шайдың денсаулыққа пайдасы туралы айтты

Педиатр сүт қосылған шайдың денсаулыққа пайдасы туралы айтты
Фото: Freepik.com

Сүт қосылған шай ересектер мен балаларға ауыр күннен соң демалуға көмектеседі. Бұл туралы педиатр-дәрігер Алтынай Рахимжунусова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің айтуынша, сүт қосылған ыстық шай суық тиген кезде аурудан айығуға көмегін тигізеді, сонымен қатар ішектің жұмысын қалпына келтіреді.  

"Сүт пен шайдың, әсіресе көк шайдың құрамында теанин бар. Бұл ас қорыту жұмысын жақсартуға және асқазан-ішек ауруларына шалдығу қаупін азайтуға көмектесетін аминқышқыл", - дейді маман.

Сонымен қатар, сүтте кальций, фосфор, D дәрумені және сүйек жүйесін нығайтатын және тістің саулығын сақтайтын басқа да пайдалы заттар бар.

"Шай антиоксидантқа бай, ол жасушаларды зақымданудан қорғайды және қартаю процесін баяулатады", - деп қорытындылады дәрігер.

Айта кетейік, бұған дейін сүт қосылған шай несімен қауіпті екені хабарланған болатын. 

Кофеинге тәуелділік туралы бұрыннан айтылады. Кофемен салыстырғанда бір шыны шайда кофеин аз болатынына қарамастан, шайдан да тәуелділік тууы мүмкін. Оның себебі шайды қою етіп дайындап, сүт қосып ішу. Балалар мен жасөспірімдер үшін қою шай дәмсіз болып көрінуі мүмкін. Дегенмен егер қою шайға қант пен сүт қосса, дәмі жақсарып, дәмді болады. Бұл шайды көп мөлшерде ішсеңіз, сәйкесінше кофеинді де көбірек тұтынасыз.

Құрамында кофеині жоғары шайды, соның ішінде сүт қосылған шайды ішу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, тым мазасыз болуына әкеледі. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Жер бетіндегі ең ақылды жануарлар қандай?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә