Сүт қосылған шай несімен қауіпті?

Сүт қосылған шай несімен қауіпті?
Фото: pixabay.com

Жақсы ұйықтауға көмектеседі деп түнде ішуге кеңес берілетін "ағылшын шайы" атауымен танылған сүтті шай бұған дейін қауіпсіз сусын ретінде қабылданып келді. Соңғы кезде нутрициологтар шай мен кофенің үйлесімі ас қорыту жүйесіне зиян екенін жиі айта бастады. Ал енді сүтті шай жасөспірімдерде тәуелділікті тудыруы мүмкін деген ұғым пайда болды. Мұның шындыққа қаншалық жанасатынын Massaget.kz тілшісі анықтады.

Сүт қосылған шай не үшін пайдалы?

Сусынның бірнеше пайдалы қасиеті:

  • Жүйке жүйесін нығайтады;
  • Суық тигенде көмектеседі;
  • Ас қорытуды жақсартады;
  • Ағзаны нығайтады.

Шай тәуелділікті тудыруы мүмкін бе?

Кофеинге тәуелділік туралы бұрыннан айтылады. Бірақ мұндай әсердің кофеде ғана емес, шайда да бар екенін бәрі біле бермейді. Кофемен салыстырғанда бір шыны шайда кофеин аз болатынына қарамастан, шайдан да тәуелділік тууы мүмкін. Оның себебі шайды қою етіп дайындап, сүт қосып ішу. Балалар мен жасөспірімдер үшін қою шай дәмсіз болып көрінуі мүмкін. Дегенмен егер қою шайға қант пен сүт қосса, дәмі жақсарып, дәмді болады. Бұл шайды көп мөлшерде ішсеңіз, сәйкесінше кофеинді де көбірек тұтынасыз.

Құрамында кофеині жоғары шайды, соның ішінде сүт қосылған шайды ішу адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, тым мазасыз болуына әкеледі. 

Бұл мағынада бабл-ти әдеттегі қара шайға қарағанда әлдеқайда қауіпті. Қоспалардың көптігінен сусын тойымды десертке айналады. Ол қант тәуелділігін тудырады. Басқаша айтқанда, бабл ти жағдайында тәттіге тәуелділік шайға да тәуелділікке әкелуі мүмкін.

Тәуелді болмас үшін шайды қалай ішу керек?

Шайды көп мөлшерде тұтынғанда, яғни құрамында кофеин көп болғанда тәуелділік дамиды. Тәуелділіктің пайда болуына жол бермеу үшін шай ішудің мөлшерін шектеу жеткілікті, атап айтқанда оны шөлді қандыру үшін тұтынбаған абзал.

Сонымен қатар, шайды қажет мөлшерден артық ішпес үшін оған қант қоспаған жөн.

Айта кетейік, бұған дейін шайды 2 рет қайнатса, не болатыны туралы хабарланған еді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Дәрумендерді күніне неше рет және қай уақытта ішу керек?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә