Ұзақ уақыт бойы далаға шықпасаңыз не болады?

Ұзақ уақыт бойы далаға шықпасаңыз не болады?
Фото: ru.freepik.com

Таза ауада серуендеуге ұзақ уақыт бойы шықпау иммунды жүйе жұмысына жағымсыз әсер етеді. Ал ол жиі тұмауратуға әкеледі. Бұл жайлы дәрігер Светлана Ворожбит Gazeta-ға айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, таза ауада серуендемеу жалпы хал-жағдайға жағымсыз әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ ұйқының нашарлауына әкеледі.

Таза ауада жүру секілді жеңіл физикалық жүктеменің арқасында біраз аурудың даму қаупін алдын алуға болады: семіздік, қант диабеті және т.б. Жүру жүрек пен қан тамырлар жағдайына және тыныс алу жүйесіне жағымды әсер етеді, асқорыту жолының қызметіне ынталандырушы әсер береді, өмір ұзақтығы мен сапасын жақсартады.

"Таза ауада серуендеу – оттекпен қанығудың, иммунды қорғаныс пен когнитивті функцияларды іске қосудың ең жақсы әдісі. Серуеннен соң көңіл күй жақсарады, адам сабырлы бола түседі және жаңа ақпаратты жақсырақ есте сақтайды. Сондай-ақ жүру сүйектерді, бұлшықеттерді және буындарды қатайтады. Жүйелі түрде серуендеу омыртқа проблемасын алдын алады", - дейді Светлана Ворожбит.

Физикалық белсенділігі аз адамдар үшін серуендеу өте маңызды. Оларға кеңсе жұмысшылары мен үйде жұмыс істейтін адамдар жатады. Сондай-ақ жұмысы көзге күш түсірумен байланысты, мысалы, күні бойы компьютер немесе ұялы телефон экранына қарайтын адамдарға да жиі серуендеу ұсынылады.

"Жаяу серуендеу қарт кісілерге, артық салмағы бар немесе қант диабетімен ауыратын адамдарға ұсынылады. Себебі жүру көмірсулы және липидті зат алмасуға жағымды әсер етеді, дене массасын сақтауға және азайтуға көмектеседі. Буын аурулары (артроз, артрит, остеохондроз) бар болса, жүру – ең жақсы жүктеме түрі", - дейді дәрігер.

Дәрігер жүйелі түрде серуендеуді әдетке айналдыру үшін күніне 30 минуттан бастауға кеңес берді.    

Оқи отырыңыз: Күнде бір сарымсақтан жесеңіз не болады?

А. Жапатова