"Әрқайсысына 100 мың теңге қайтар". Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған 16 жастағы қызбен жолықты

"Әрқайсысына 100 мың теңге қайтар". Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған 16 жастағы қызбен жолықты
Фото: Фотоскрин

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған адамды тауып, Шардарада кездесті. Блогер бұл істі жасаған 16 жастағы қызбен және оның ата-анасымен жолықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алдаған қыз 9 адамнан 5 мың теңге алған.

"Бес мың теңгесін алдап алған адамдарға 100 мың теңгеден қайтарасың. Сотта соны талап етемін. Алданған адамдар мені қарғап отыр. Сол маған жақсы ма? Қай бетіңмен алып отырсың? Олар да сенің әке-шешең сияқты кісілер ғой. Мен іздеп келмегенде қайтармай жібере беруші едің", - деді ол.

Блогер сотта ақша алған адамдарға 100 мың теңгеден қайтаруды сұрайтынын айтты.

"Сол 9 адамға 100 мың теңгеден қайтар. Қазір мен бұл қызды кешірсем, тағы бір арамтамақ шығады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "Мекенжайын тауып алдым". 16 жастағы қыз Ырысбала Икрамбайдың атын жамылып, халықты алдағанын жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы