"Мекенжайын тауып алдым". 16 жастағы қыз Ырысбала Икрамбайдың атын жамылып, халықты алдаған

"Мекенжайын тауып алдым". 16 жастағы қыз Ырысбала Икрамбайдың атын жамылып, халықты алдаған
Фото: әлеуметтік желі

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзінің атын жамылып, халықты алдаған адам туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің сөзінше, белгісіз біреу WhatApp арқылы адамдарға хат жазып, конкурстан ақша ұтып алғанын айтқан, ал ол ақшаны алу үшін комиссия жіберуді сұраған.

"Сәлеметсіз бе! Құттықтаймын, сіз біздің конкурстан 100 000 теңге ұтып алдыңыз. Подписчиктердің арасынан таңдалып, ұтып алдыңыз. Ұтысты алу үшін бірінші комиссия ақшасын саласыз, яғни 5000 теңге. Ұтысыңызды трікеуге алады, комиссия сол үшін саласыз. Комиссия ақшасын салған бойда ұтысыңызды аударылады. Комиссия ақшасын салмай, ұтысыңыз түспейді", - делінген хатта.

"Бір күн ешкіммен ұрыспай, тілмен күнә жинамай, жүйкеге тыныштық беріп жүргің келеді. Жүргізбейді ғой. "Ырысбаланың конкурсы, 100 мың ұттыңыз" деп адамдарға жіберіп жатыр", - дейді блогер.

Ырысбала Икрамбай бұл істі Түркістан облысындағы ауылдың 2007 жылғы тұрғыны істегенін айтты.

"Таба алмайды деп ойлай ма? Менің атымды жамылып, "ұттың, комиссиясы 5 мың теңге" деп біреудің ақысына кіріп, мені жаман атты қылып. 5 мың теңгесінен айырылған адам кімді боқтайды? Мені боқтайды. Үйінің адресін тауып алдым, арыз-жазып, ит-терісін басына қаптаймын", - дейді Ырысбала Икрамбай.

Сондай-ақ, блогер осы істі жасағандармен байланысқа шыққан. Видеода олар ақшаны қайтаратынын айтады.

"Атымды пайдалануды, менің атымнан халықты алдауды қойыңдар ескерту жасап жатырмын", - деп жазды блогер әлеуметтік желіде.

Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбай мұқтаж отбасыға баспана сыйлағаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова