65 миллион теңгеден 95 миллионға дейін: Ерке Есмахан күйеуінің су жаңа көлігін көрсетті

65 миллион теңгеден 95 миллионға дейін: Ерке Есмахан күйеуінің су жаңа көлігін көрсетті
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның су жаңа көлігін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram-да бөлісті. 

"Әзірге өзгеріс жоқ, бөпетайыммен отырмыз үйде. Шығуға асықпайтын бір жұлдыз болып тұр. Былтыр туған күніме күйеуім, ол кезде жігітім, көлігіме осы нөмірді сыйлаған еді. Биыл екеумізге жұп нөмір алып жатыр. Маған ұнап тұр. Күйеуімнің көптен күткен көлігі бүгін келіп, қуанып жатырмыз. Құттықтап қойыңыздар", - деп жазған әнші. 

Өнер иесі жүктеген видеода Raim-ның жаңа алған көлігі - Cadillac. Оның нарықтағы бағасы 65 миллион теңгеден басталып, 95 миллион теңгеге дейін барады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Айтұяқ деген қандай дәстүр?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек