Жүрекке пайдалы 3 "дәрумен"

Жүрекке пайдалы 3 "дәрумен"
Фото: pixabay.com

Жүрек-қан тамырлар жүйесінің проблемалары – ең жиі кездесетін аурулардың бірі. Сол үшін де жүрек ауруларының алдын алу маңызды. Кардиолог Анна Кореневич жүрекке пайдалы 3 "дәруменді" ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" порталына сілтеме жасап.

Жүрекке кей дәрумендер мен микроэлементтер шынымен де пайдалы:

  • D, Е дәрумені және В тобының дәрумендері – жүрек бұлшықетін бос радикалдармен зақымдалудан қорғайтын антиоксиданттар.
  • Омега-3 майлы қышқылдары жүрек бұлшықетінің жұмысын жақсартады.

Кардиолог бұл дәрумендер тағамдық қосымшалардан гөрі тамақтан жақсырақ сіңірілетінін айтты. Сондықтан дәріханадан ББҚ сатып алмас бұрын рационға осы заттарға бай өнімдерді көбірек қосыңыз: жемістер, көкөністер, жаңғақтар, балық, зәйтүн майы.

"Дұрыс және үйлесімді тамақтанатын сау адамға жүрегіне қосымша дәрумендер қажет емес", - дейді Анна Кореневич.

Алайда сау жүрек құпиясы тек дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділікте емес.

"Жүреккке арналған ең жақсы "дәрумендер" - қуаныш, ләззат және бақыт сезімі", - дейді кардиолог.

Маманның айтуынша, жүрек саулығы үшін жағымды эмоциялар маңызды рөл атқарады:

  • Күйзеліс мен мазасыздық деңгейін азайтуға көмектеседі;
  • Қанайналымды жақсартуға ықпал етеді;
  • Қысымды түсіреді;
  • Иммунды жүйені қатайтады;
  • Энергияны арттырады;
  • Жалпы өмірге қанағаттануды арттырады.

"Ақшаңызды дәрумендерге емес, сізге қуаныш сыйлайтын заттарға жұмсаңыз. Сүйікті хоббиіңізбен айналысыңыз, жақын адамдарыңызбен араласыңыз, қызықты шараларға барыңыз және саяхаттаңыз. Бұлардың барлығы өміріңізді позитивті эмоциялармен толтыруға және жүрек саулығын сақтауға көмектеседі", - деп кеңес берді маман.

Оқи отырыңыз: Ағзаға омега-3 жетіспеуінің 5 белгісі

А. Жапатова