"Заманбек Нұрқаділовтің тұңғыш немересі - лесби". Құралай Нұрқаділова бұған қатысты не дейді?

"Заманбек Нұрқаділовтің тұңғыш немересі - лесби". Құралай Нұрқаділова бұған қатысты не дейді?
Фото: видеодан алынған кадр

Белгілі дизайнер, психолог Құралай Нұрқаділова әкесінің тұңғыш немересінің жыныстық ориентациясы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист дизайнерден "Заманбек Нұрқаділовтің тұңғыш немересі Нұрбибі Нұрқаділова бір кездері "Мен ресми түрде лесбимін және болашақта депутат болып, мінберден біржынысты некені заңдастыруды көтеремін" деген еді. Бұған қатысты не айтасыз?" деп сұрады.

Құралай Нұрқаділова мұны естімегенін айтты.

"Солай айтып па еді? Естіген жоқпын. Шыны керек, қарамаймын. Мен оны мүлдем бақыламаймын. Айтса, айтқан шығар. Мен оны тәрбиелеген жоқпын, мен оның анасы емеспін. Онымен араласпаймын. Сіз ересек адамсыз ғой, өзгергіңіз келмейді. Мен сізді өзгерте алмаймын. Сізді мәжбүрлей алмаймын. (...) Сол себепті оның айтқанына келсек, ересек адам ретінде солай есептейді", - деп жауап берді ол.

Еске салайық, бұған дейін Құралай Нұрқаділова әкесінің соңғы сапары қалай өткенін айтқан еді.

Ол сонымен бірге Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Нұрқаділоваға 10 жыл бұрын жазған сәтін еске алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан