"Блоктап тастады". Құралай Нұрқаділова "сіңлісі" Мереймен араласқысы келген сәтті еске алды

"Блоктап тастады". Құралай Нұрқаділова "сіңлісі" Мереймен араласқысы келген сәтті еске алды
Фото: instagram.com/kuralaiofficial

Белгілі дизайнер, психолог Құралай Нұрқаділова Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Нұрқаділовамен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құралай Нұрқаділова Мерей Нұрқаділоваға 10 жыл бұрын жазған сәтін еске алды.

"Мен оған өзім жаздым, Алтынбек Қоразбаевтан нөмірін таптым, оған жазу үшін әдейі іздеп таптым. Қанша жыл болғаны да есімде жоқ. Көп жыл өтті. 10 жыл бұрын. Мен тіпті шынайы қуандым. Instagram-да "Мен оған жаздым, мен сондай бақыттымын, ол маған жауап берді, қазір Жаңа жыл , оған сыйлық беремін" деп жаздым. Ол "Мен сізге ренжімеймін, екі апта Қазақстанда болмаймын, демалысқа кетеміз, содан келген соң сізге жазамын" деді, бірақ жазбады. Енді бала ғой, мүмкін оған бірдеңе айтты немесе бұған әлі дайын емес. Содан маған жауап бермеді, блоктап тастады. Мен ренжімеймін, мен оны да түсінемін. Уақыт келеді. Біз онымен араласқан күннің өзінде міндетті түрде Instagram-ға салып, "Ой, біз Мереймен екеуіміз жүрміз" дейтін көзбояушылықтың керегі жоқ. Бұл өмірде адам шынайы болуы керек", - деді ол Bilgen durys YouTube-каналына берген сұхбатында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан