"Көңілім құлазып отыр". Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі марқұмның туыстарына көңіл айтты

Бүгін Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында өмірден өтті. Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан әлеуметтік желіде марқұмның туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша Болат Назарбаев қайтыс болғаны расталды.

"Бәріне өзім жеттім". Болат Назарбаев туралы не белгілі?

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қарашада сағат 09.51-де ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болды.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!