Қазақ ұлыған итті неге жақтырмайды және ит ұлыса не істеу керек?

Қазақ ұлыған итті неге жақтырмайды және ит ұлыса не істеу керек?
Фото: dogbreeds.name

Бала кезіңізде "ит ұлыса, жаман ырым" деген тіркесті естіген боларсыз. Бірақ көпшілік оған неліктен жағымсыз көзқарастың қалыптасқанын білмейді. Этнограф Болат Бопайұлы Massaget.kz тілшісіне халқымыз ұлыған итті неге жақтырмайтынын және ит ұлыса не істеуге болатынын айтып берді.

Негізінен жұрт иттің ұлуының бірнеше себебін бөледі. Мәселен, аштық, тоңу, арыру, жалғыздық, тіпті жын-шайтанды көргенде де ұлиды деген сенім бар екен.

Бұл сенімге сахаба Жәбир ибн Абдилладан (р.а.) жеткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Егер, түнде иттің үргенін және есектің ақырғанын еститін болсаңдар, Алладан пана тілеңдер («Әғузу билләһи минаш шайтанир ражим» деп айтыңдар). Шынында олар сендер көрмейтін нәрсені көреді» делінгені негіз.

Қазақ ұлыған итті неге жаман көреді?

Этнографтың айтуынша, қазақ ұлыған ит иесіне өлім тілеп жатыр деп, оны жаман көріп, сенген көрінеді. 

"Иттің ұлуының екі түрі бар. Біріншісі, көкке қарап ұлиды. Онда ол иесіне бақып тілеп жатыр деп ырымдап, иттің итаяғына ас құйып береді. Екіншісі, басын жерге салбыратып ұлиды. Қазақ оны жаман ырымға балаған. Ит иесіне өлім тілеп жатыр деп, оны өлтірген", - дейді Болат Бопайұлы. 

Ит ұлыса не істеу керек?

Егер үйдегі итіңіз ұлып бастаса, ең алдымен оның себебін анықтап алған жөн. Жоғары да айтқанымыздай ит ауырып немесе басқа да себепке байланысты ұлуы мүмкін. Мысалы, ит ауырғаннан ұлып жүрсе, оның тәбеті төмендеп, тек қана ұлып жата береді. Сонымен қатар, жанауар ұзақ уақыт бойы байлаулы не қамауда тұрып, жалғыздық сезінсе, ұлиды. 

Болат Бопайұлы мәселені шешудің басқа жолын бөлісті.

"Итті жат елге беру керек", - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін түшкіргенде неге "Аққас" деп айтылады және оның мағынасы қандай екені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Құдағи жүзік деген не? Оны кім тағады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә