Екінші рет үйленген Заңғар Нұртастың құдалығынан видеолар тарады

Екінші рет үйленген әнші Заңғар Нұртастың құдалығынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok әлеуметтік желісінде пайда болды. Alypbatyr Shymkent парақшасындағы мәлімет бойынша, құдалық Шымкент қаласында өткен. 

@alypbatyr_shymkent #VNVideoEditor #fyp #elbruso #құдалық #алыпбатырлар ♬ оригинальный звук - Alypbatyr_shymkent

"Іздеген әлемі басқа болды". Гүлзира Айдарбекова ұлының бірінші әйелімен ажырасып кетуіне қатысты пікір білдірді

Еске салайық, биыл ақпанда Заңғар Нұртас бірінші әйелі Жібек Қайратқызымен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. 

"Бес ай өтті, араласпаймыз. Жақсы келін болды. Бәрі керемет болды. Сыйластығымыз қазір де жақсы, бірақ сондай жағдай болып қалды. Оған нақты не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке нәрсе. Бастарыңызға бермесін", - деді Заңғар Нұртас.

Ол, сонымен қатар, өзінің жаңа қарым-қатынастарға ашық екенін және болашақ жарының бойында болуы керек қасиеттерді айтқан болатын. 

Ал 6 қазанда Заңғар Нұртас жаңа сүйіктісіне үйленуге ұсынысты ерекше жасады

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!